«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің балаларға қызмет көрсету бойынша №5 кітапхана-филиалында қызметкерлер арасында «Үздік жас кітапханашы – 2023» кәсіби байқауы өткізілді. Байқаудың құрылтайшысы – «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ. Ұйымдастырушы – «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ.
Қазылар алқасының мүшелері: «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері С.Б.Рахметова, «Ken'jol» ҮЕҰ қоғамының инновациялық даму альянсы» балалар, жастар, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі уәкілі Д.Ержанова, Ж.К.Бектұров атындағы ОЖК-ның ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі М.Х.Фахрутдинова болды.

Байқау кітапхана жұмысының инновациялық әдістерін тарату және жас қызметкерлердің имиджін арттыру мақсатында өткізілді. Байқауға қатысушылар ұсынылған өз материалдарын қорғады (кітапхана тақырыбына эссе, «Менің визит карточкам» бейне-танысу, библиопортфолио, «Менің қаламның көшелері» өлкетану жобасы) кітапхана жұмысы бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Қорытындысы мен бірауыздан қабылданған шешім бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады: 1 орын – Елена Петровна Величко, М.О. Әуезов атындағы ОҚК-ның балалар бөлімінің кітапханашысы; 2 орын - Балдаева Айғаным Еранқызы, № 5 балаларға қызмет көрсету филиалының кітапхана меңгерушісі, 3 орын – Жанабай Айтолқын, М.О. Әуезов атындағы ОҚК-ның балалар бөлімінің кітапханашысы. Жеңімпаздарға дипломдар мен Sulpak тұрмыстық техника дүкенінен сертификаттар табысталды, байқауға қатысушылар алғыс хаттар мен көтермелеу сыйлықтарын алды.
«Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қарағанды облысы филиалының төрағасы А.Т.Усероваға байқауды ұйымдастыруға және ынтымақтастыққа жәрдемдескені үшін Алғыс білдіреміз.

352231737 831740738343175 7128794935798019943 n   352547044 611458107635706 6011781163234408963 n   352560149 966719941416853 8301764316071718727 n

 

2023 жылдың 24 мамыр күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-ның қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Тарих және уақыт» жобасы аясында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты тақырыптық кездесу өтті. Тағы да тарих беттеріне жүгінетін болсақ, елдің басына түскен ауыр жылдар халық санының азаюына, ел эканомикасының құлдырауына, ел арасының ыдырауына әкеліп соқтырған еді. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімі тарих беттерінен ешқашан өшпек емес! Іс-шара алдында саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы модератор жиналған қауыммен амандасып саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпарат беріп өтті. Шарада алғашқы сөз Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының кіші ғылыми қызметкері З. Г. Жұмағазықызы берілді. Музей қызметкері өз сөзінде Елім деп еңіреген, саясаттың құрбаны болған арыстарымыздың суреттерімен таныстырып шықты. №18 мектептің 4 сынып оқушысы Самат Айғаным Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэма-реквиемінен «Мамочкино моласы» үзінді оқыды сонымен қатар Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің «Серпер» домбыра үйірмесінің жетекшісі Б.Қ. Балтабайұлының орындауында «Қайран ел» күйін нақышына келтіріп орындады. Іс-шараға Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының кіші ғылыми қызметкері З. Г. Жұмағазықызы, М.Жұмабаев атындағы гимназиясының тарих пәні мұғалімі С.А.Тұрсынұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі О.Д.Қызылбайұлы мен 11- сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға 25 адам қатысты.

348828988 933537694565001 5323966171974229432 n   349079274 6206443992785942 9175769327144811014 n

30 наурызда М. О. Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде Балалар кітабы апталығы аясында "Кім миллионер болғысы келеді"атты зияткерлік ойын өтті. Ұлдар мен қыздар логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы бір-бірімен жарысты. Іс-шараға академик Е.А. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектептің 5 "в" сыныбы қатысты.

Kto hocet st   Kto hocet st1

2023 жылдың 21 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай "2023 жыл - Түркі өркениетінің даму жылы" аясында "Түркі өркениетінің даму жолы" кітап-шоу фестивалі өткізілді.
Фестиваль барысында спикерлер: Қарағанды «Bolashaq» Академиясының» филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, лингвист-түрколог Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы; Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы Смағұлов Нұртас Бірлікұлы, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Манат Абзал түркі өркениетінің тарихы, түркі жазбалары, сол заманғы археологиялық қазбалар жайлы мағлұматтар берді. Қарағанды облысының бейнелеу өнері музейінің тақырыпқа байланысты көрмесі және «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Сонымен қатар Тәттімбет атындағы өнер колледжінің халық аспаптар бөлімінің 1 курс студенттері Марат Аяжан және Қали Ақжан қазақтың ұлттық аспаптары қобыз бен домбырада күйдің әсем үнімен шарамыздың сәнін келтірді. Және фестиваль аясында буккроссинг пен сирек кітаптар көрмесі де ұйымдастырылды.

Kitap schou   Kitap schou1   Kitap schou2

28 наурызда Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде Балалар кітабының апталығына орай ақын және композитор Воробьева Ирина Анатольевнамен шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараға 52 мектептің оқушылары қатысты. Шығармашылық кездесу барысында оқушылар ақынның өмірі және шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, 21 орта мектеп оқушылары Балтабек Адия, Еренкова Варвара және Борзова Екатеринаның орындауындағы автордың шығармаларын тыңдады.

337873014 902364354423542 1124314773337448164 n   337878732 628745639094546 8970036494897989073 n   338170701 814178986207853 4756040129327270082 n

Яндекс.Метрика