««Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ»

№11 кітапхана филиалы

Мекен-жайы:     Қарағанды қ.

                               Қазыбек би ауданы

                               Университет көшесі, 27-үй, 2-пәтер

                               тел.8(7212) 35-54-08

                               E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кітапхана ауданның білім беру, ақпараттық және мәдени орталығы болып табылады.

Кітапхана мақсаты:     Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, аудан халқының өскелең

рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру; жастарды жалпы азаматтық құндылықтарға тарту,  рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, туған жерінің тарихына, мәдениетіне деген сұйіспеншілін арттыру, отансүйгіштік сезімге баулу,  құқықтық мәдениетті, салауатты өмір салтын насихаттау.

         Кітапхана қызметінің міндеттері - әр түрлі әлеуметтік топтағы оқырмандар сұранысын  қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, өлке тарихы, мәдениеті жайлы құжаттарды жинап, жүйелеп, сақтау, кітап қорын толықтыру, пайдаланушыларға толыққанды ақпараттық қызмет көрсету, кітапхана жұмыс процестеріне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді және қолдануды одан әрі дамыту.

         Кітапхананың оқырмандар саны - 1700. Жыл сайын кітапханаға 8500 оқырман келеді, 40000 жуық құжаттар беріледі.

         Бүгінгі күні кітапхана қоры – 15772 соның ішінде 8696 данасы мемлекеттік тілде.

         Кітапхана жыл сайын  40-қа жуық Қазақстан, Ресей және өлкетану мерзімдік басылымдарын алады. Бұлар газеттер, әдістемелік, медициналық және ғылыми-көпшілік журналдар.

Кітапханада жүргізілетін әр түрлі іс-шаралар жастардың рухани жан дүниесін, ой-өрісін байытуға, жоғарғы эстетикалық талғамын, қоғамдық санасын қалыптастыруға септеседі, оларды қоғамның салауатты азаматы етіп тәрбиелеуде, адамгершілікке, елі мен жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеуде маңызы зор. 

Көпшілік іс-шаралардың  тақырыптары елімізде болып жатқан түрлі тарихи, саяси оқиғаларға байланысты  таңдалады.    

Кітапхана қорын барынша насихаттау мақсатында кітапханада акциялар, тұсаукесерлер, кітап қараулар, кітап көрмелері, виртуальды көрмелер. бейне-презентациялар, челенджлер ұйымдастырылып, жаңа әдебиеттер тізімі жасалады.

Тәуелсіз еліміздің жаңа даму сатысында стратегиялық бағыт-бағдардан бастау алған білімді, ізденімпаз оқырмандарымыздың рухани талабын қанағаттандыруда «Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, сапалы кітапханалық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқырмандар сұранысын қанағаттандыру бағытында жұмыс атқаруда.

Біздің кітапхана «Туған өлке – тұнған шежіре» бағдарламасы бойынша бірнеше жылдар бойы жұмыс жүргізіп келеді.

Мақсаты:     Арқа  өңірінің  тарихына,  рухани – мәдени  дамуына  қатысты материалдарды  жинастырып,  жүйелеп, сақтап, насихаттау,  рухани-мәдени таным арқылы тарихи сана негізінде жас ұрпақты патриоттық сезім, отаншылық рухта тәрбиелеу.

Міндеттері :

 -   халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұрасын қанағаттандыру,

-   ауданның  әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына ықпал ету;

-  қорды  өлкетану  әдебиеттерімен  толықтыру;

-  кітапханада өлкетану тақырыбында көпшілік мәдени  шараларды өткізу;

- өлкетану бойынша қорды жаңа электронды деректермен толықтыру;

- өлкетану қорын сандық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру, өлкетану деректер базасын құру;

- өлкетану материалдарын насихаттауда ақпараттық, библиографиялық жұмыстарды  жүргізу;

-   өлкетану қорындағы құжаттарды пайдалану барысында Интернет    желісі мен жаңа технологияларды пайдалану.

 

1

 

2021 жылдың 5 мамырында «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ  №11 кітапхана филиалында Кеңес Одағының Батыры, аға сержант Нұржанов Қазыбек Бейсенұлының туғанына 102 жыл толуына орай «Артынан өшпес із қалдырған» атты кездесу кеші өткізілді.

Шараға Қазыбек Нұржановтың немере қарындасы – Жаманкулова Зәйіт Жаманкуловна, Қазыбек Нұржановтың немере інісі, отставкадағы майор – Нұржанов Оралхан Өзбекұлы және Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ заң факультетінің 1-курс студенттері қатысты.

Мақсаты:     Ұлы Отан соғысы тарихы, қазақстандықтардың ерлік істері туралы мағлұмат беру, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, патриоттық сезімдерін арттыру.

Шараны М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айткүл Төлеуханова жүргізіп отырды. Шара барысында №11 кітапхан филиалының менгерушісі А.А.Идирисова Кеңес Одағының Батыры, аға сержант Нұржанов Қазыбек Бейсенұлының өмір жолына тоқталып өтті. Содан кейін Батырдың ұрпақтары естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының  7 «А» сынып оқушысы Қасымханов Айбек «Самал Тау», «Сайра бұлбұл» әндерін орындап, көреремендерді тәнті етсе, Орталық Қазақстан академиясы  тіл және аударма факультетінің 3 курс  студенті Серікбол Әсемгүл «Арнау» өлеңін мәнерлеп оқыды. Кеш қонақтарына «Батырлар елі. Қазыбек Нұржанов» туралы бейне-ролик және Қ.Нұржановтың 100 жылдығына орай түсірілген деректі фильм көрсетілді. Шараға қатысушылар батыр аға Қазыбек Нұржанов туралы мол мағлұмат алды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс - біздің ата-апаларымыздың Отан алдындағы антына адал болғандығының айғағы. Ол біздің жастарымыз үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі-өнегесі болып қалары сөзсіз.

image 05 05 21 05 17 3  image 05 05 21 05 19 1

image 05 05 21 05 19  image 05 05 21 05 20 1

image 05 05 21 05 20 2  image 05 05 21 05 20 3

image 05 05 21 05 20

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №11 кітапхана филиалының қызметкерлері букроссинг-көрме ұйымдастырды. Көрмеге түрлі әдебиеттер қойылды. Қазақ, орыс шетел ертегілері, соғыс туралы әдебиеттер, детективтер, фантастикалық жанрдағы әдебиеттер. Шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 30 жыл толуы және балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өткізілді.

IMG 20210611 WA0031  IMG 20210616 WA0056

24 қыркүйекте  №11 кітапхана филиалында «Ашық есік күні» өткізілді. Оған Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, «Болашақ» оқытушылары, студенттер және кітапхана оқырмандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – кітап мұрасын насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тарту. Шара барысында кітапханашы оқырмандырды кітап қорымен таныстырып, жалпы кітапхана жұмысы туралы ақпарат берді. Содан кейін оқу залы мен абонемент бөліміндегі кітап көрмелері және жаңадан түскен әдебиетер таныстырылды.

20210924 114655  20210924 1206321  IMG 20210923 WA0080 

IMG 20210923 WA0085  IMG 20210923 WA0091

2021 жылдың 28 сәуірінде  «Қарағанды қаласының орталықтандырылған  кітапхана жүйесі» КММ №11 кітапхана филиалында «Екпе салу  -  қауіптің алдын алу» атты онлайн форматта іс-шара өткізілді. Шараға Қарағанды қаласының №5 емханасының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Буревич Раиса Федеровна қатысты.

Шараның мақсаты –  оқырмандарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда вакцинация тақырыбы бүкіл әлемде өзекті және сұранысқа ие болып отыр. Шара барысында дәрігер маман коронавирус инфекциясы пандемиясын тоқтатудың ең тиімді жолы – халықты жаппай вакцинациялау екенін атап өтті.  COVID–19 вирусына қарсы жасалған вакциналардың сипаты мен айырмашылығы туралы жан-жақты баяндап берді. Сондай-ақ вакцина алған соң да қорғаныс ережелерін қатаң сақтаған дұрыс екенін айтты.

Шара соңында маман шараға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

image 28 04 21 02 30 2  image 28 04 21 02 30 4

image 28 04 21 02 30  IMG 20210428 WA0011  Screenshot 20210428 120822 

Screenshot 20210428 120857  Screenshot 20210428 121436  Screenshot 20210428 122126

 «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» №11 кітапхана филиалында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай орай Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданына қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің мамандары және психоневрологиялық аурулары бар азаматтардың қатысуымен «Ерліктің шынары, ұрпақтың жыр әні» атты ерлік сағаты өткізілді.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

​Шара барысында кітапханашы З.А.Алимбекова мен Қазыбек би ауданына қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің маманы А.Т.Жунусова Ұлы Отан соғысының тарихы, сол сұрапыл соғыстағы қазақстандықтардың ерлік істері туралы баяндады. Сондай-ақ оқырмандар назарына Ұлы Отан соғысы туралы документальды фильм және «Жеңіс рухына тағзым!» атты кітап көрмесі ұсынылды.

01  02

03  04

26 ақпан 2021 жылы «Қарағанды қ. ОКЖ» КММ №11 кітапхана филиалында  ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына  - 175 жыл толуына орай «Өлең сөздің даңғылы – Жамбыл ата» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты:   Аты аңызға айналған халық ақыны, жыраулық өнерінің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу.

Шара барысында ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлға, жыршы-жырау, ақиық айтыскер ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар оқырмандар назарына  «Жамбылдың жастық шағы» атты фильмнен үзінді және «Өлең сөздің дүлділі» атты кітап көрмесі ұсынылды.  Кітап көрмесіндегі ақынның шығармалары, ақын-жазушылардың естеліктері, мерзімді басылымдарда шыққан мақалаларға библиографиялық шолу жасалды.

05  06

07

15 қазанда  «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ  №11кітапхана филиалында қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың   туғанына 110 жыл толуына  орай «Тұрарсың ғасырлармен қатар, Қасым!»  атты поэзия кеші өткізілді. Оған Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Мақсаты -   Қазақ поэзиясының классигі Қасым Аманжоловтың өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру,  мұраларын насихаттау, кеудесі отты жырға, жүрегі елі мен жеріне сүйіспеншілікке толы ақын өлеңдері арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Шара барысында жүргізушілер қазақ әдебиеті тарихында өзіндік колтаңбасын қалдырған Қасым Аманжоловтың сонау дүниеге келген 1911 жылдан бастап, оның қиын балалық шағы, өсіп-өркендеу кезі, Семей, Орал, Ленинград қалаларындағы өткен өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді.

Содан кейін Қасым Аманжоловтың аталас туысы, кітапханамыздың оқырманы Қалиақпаров Сәулехан ата ақынның тегі, өскен ортасы, оның айналасы туралы біраз деректермен бөлісті.

Қазақ руханиятына сұлу жырлар мен сырлы әндерді қатар сыйлаған ақынның «Өзім туралы», «Дариға сол қыз», «Туған жер» әндерін Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері Тұяқ Шерхан және Алдияр Ықылас  орындап көпшілікті тәнті етсе, Қадыл Мадияр, Отырсын Бақдәулет дауылпаз ақынның «Өртке тиген дауылдай» өршіл поэзиясының жыр шумақтарынан шашу шашты. Кулакова Таис Хуанар Өзгерістің «Қасымға» арнау өлеңін мәнерлеп оқыды.

Шара соңында ақиық ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылды.

08  09 

011  010  

012  013

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына  орай 03 ақпан күні №11кітапхана филиалында желі пайдаланушылары үшін «Мәңгілік жыр - ғұмыр» атты поэзия сағаты өткізілді.

Мақсаты – оқырмандарды қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, шығармаларын насихаттау. Ұлы ақынның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Онлайн форматында өткен шараға кітапхананың оқырмандары,  «Лингва» университетінің студенттері қатысты.

Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат берді, Серікгүл Сәрсенбай ақынның өмір деректері туралы ақпарат берді. Содан кейін студенттер: Рзаханов Иса «Отан», Түсіпхан Айдана «Үш бақытым», Ағымбаев Шахимардан «Өкінбеймін»,Тұрсын Ербол «Сен бе едің?» атты ақынның өлеңдерін оқыды.

«Ақиық ақын» атты кітап көрмесі жасақталып, фото-шежіре слайд көрсетілді.

014  015  016

017  018  019

22 сәуір күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №11 кітапхана филиалында  zoom платформасында  ақын, ҚР-ның халық жазушысы М.Хәкімжанованың туғанына 115 жыл толуына орай «Суреткердің көркемдік әлемі» атты шара өткізілді.

Мақсаты – Мариям Хакімжанованың шығармашылығымен, қайраткерлік жолдарымен таныстыра отырып жасұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ақынның шығармаларын насихаттау.

Шараға Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің филология факультетінің магистрі Жанайдар Шәймерденұлы Жұмагелдин қатысты.

Шараға қатысушылар Қазақстанның Халық жазушысы Мариям Хакімжанованың  өмірі мен шығармашылық жолы туралы толық мағлұмат алды.

020  021  022  023  024

13 мамыр 2021 жылы «Қарағанды қ. ОКЖ» №11 кітапхана филиалында Халықаралық отбасы күніне онлайн форматта «Отбасы – тәрбие бастауы» атты кездесу  өткізілді. Оған Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ география факультетінің аға оқытушысы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Ернар Қуатұлы Кейкин және кітапхана оқырмандары қатысты.

Шараның мақсаты:  оқырмандарға Халықаралық отбасы күні туралы ақпарат беру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, мейірімділікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке баулу,  отбасы құндылықтарын насихаттау.

Шара барысында жүргізуші отбасы күні тарихына, отбасының қоғам өміріндегі маңызына қысқаша тоқталып өтті. Содан кейін сөз кезегі Ернар Қуатұлына берілді. Ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасы және мектеппен байланыс, бала психологиясына көңіл бөлу сынды өзекті мәселелермен ой бөлісті. 

Ол отбасы құндылықтарының қоғам өміріндегі рөлі әрдайым жоғары болуы тиіс екендігіне мән бере отырып, біздің қоғамымыздағы ата-анаға, үлкенге, қыз балаға деген құрмет, көршіге деген сыйластық қарым-қатынас отбасы құндылықтарының бастауы екендігін тілге тиек етті.

Отбасы ынтымағы мен сыйластығы жарасымды болса, еліміздің келешек ұрпақтары саналы да алғыр болып, ұлан байтақ еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосады, - деп жүргізуші шараны қорытындылады.

Оқырмандар назарына «Отбасы – тәрбие бастауы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

025  027  026  028  029

27 мамыр 2021 жылы «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №11кітапхана филиалында  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай zoom платформасында  «Тарихтағы қасіретті жылдар» атты тарихи-танымдық сағат өткізілді.  

Мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. 

Шараға Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды университеті, тарих факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих магистрі Смағұлов Нұртас Бірлікұлы және кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапханашы - Кенжегалиева А.А. оқырмандарды шараның мақсатымен таныстырып, бұл күннің ерекшелігіне тоқталып өтті.

Содан кейін сөз кезегі Смағұлов Нұртас Бірлікұлына берілді.

Шара барысында Нұртас Бірлікұлы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда болған ашаршылықтар, оның шығу себебі мен салдары, аштықпен күрес барысындағы үкіметтің жүргізген іс-шаралары, қазақ зиялыларының аштықты ауыздықтаудағы қызметі,  жазықсыз құрбан болған азаматтар туралы жан-жақты айтып берді.

Шараға қатысушы оқырмандар маманға сұрақтар қойылды.  Тақырыпқа кітап көрмесі таныстырылды.

Оқырмандар қасіретті жылдар тарихы, саяси қуғын-сүргін ұшыраған ұлт зиялыларының өмірі жайлы мағлұмат алды.

030  031  033

032  034

035  036

2020 жылдың 14 ақпанында «Қарағанды қ. ОКЖ» КММ №11 кітапхана филиалында Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғаына 31жыл толуына орай «Ауған құрбандарына тағзым» атты еске алу кеші өтті. Оған Ауған соғысының ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері ұйымының мүшелері Жұматаев Айтбай Мухтамедович, Утарбаев Серік, Мусин Ерсін Турсынович, Маханов Нұрболат және Т.Бигелдинов атындағы мектеп интернаттың курсанттары қатысты.

Шараның мақсаты:   жас ұрпақты ауған соғысында күрескен ағалар жолының ерлік шежіресімен таныстыра отырып, оларды отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеу.

043  044

045  046

047

«Мәңгілік ел – ізгі ұрпақ» тақырыбында

өткен патриоттық сағат ақпараты

2019 жылдың 14 қарашасында №11 филиалында Жастар жылы аясында  «Мәңгілік ел – ізгі ұрпақ» атты шара өткізілді. Оған Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының инспекторы Асқаров Қайрат Белгібаевич және «Болашақ» колледжінің студентері, кітапхана оқырмандары  қатысты.

Мақсаты:      ел болашағы, жас буын өкілдеріне ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіру, жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, тәрбиелеу. оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру, патриотизмге баулу.

Оқырмандар назарына арнайы кітап көрмесі ұсынылып, ондағы әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

017  018

019  020

021

2019 жылдың 4 сәуірінде «Қарағанды қ. ОКЖ» КММ №11 кітапхана филиалында ақын Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Өмірді жырмен өрнектеп...» атты поэзиялық жыр-шашу өткізілді. Шараға  Е.Букетов атындағы ҚАРМУ студентері, кітапхана пайдаланушылары 30 адам  қатысты.

Мақсаты:    Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын насихаттау арқылы жасұрпақты отансүйгіштікке баулу. Оқырмандардың поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру.

022  023

024  025

026

«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс»

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 17 сәуірде №11 кітапхана филиалында Қарағанды облысы жастар бастамашылдығы орталығы қызметкерлерімен бірге  «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кездесу кеші өткізілді. Аталмыш шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Есжанов Бүркіт ата, тыл ардагерлері - Дусмаилов Мендаш ата мен Төлеубаева Ухан әже және «Болашақ» колледжінің студенттері қатысты.

Мақсаты: жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру, Отан үшін жан қиған боздақтардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге, өз халқымыздың тарихын зерделей білуге тәрбиелеу.

 027  028

029  030

031  032

2018 жылдың 19 сәуірінде №11 филиалында  әнші Әміре Қашаубаевтың   туғанына 130 жыл толуына орай  «Асқақ әнші - Әмре» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Шараға Тәттімбет атындағы өнер колледжі, «Болашақ» колледжінің, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ – нің студенттері қатысты.

Мақсаты:     Қазақ музыка мәдениетінің тарихынан елеулі орын алып, қазақ әншілік өнерін әлемге паш еткен Әміре Қашаубаевтың  өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолын, шығармашылығын, рухани мұрасын  насихаттау, жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын ояту, рухани құндылықтарды дәріптеу.

001  002  

003  004

006  005   007

18 қазан 2018 жылы №11 кітапхана филиалында «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай "Ғасыр сазын тербеген" атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шараға «Болашақ» және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері қатысты.

Мақсаты:     Ұлы күйші, дарынды композитор Құрманғазы Сағырбайұлының  өмір жолы, орындаған күйлердің шығу тарихымен таныстыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

008  009

010  011

012

Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында 17 мамыр 2018 жылы №11 кітапхана филиалында   «Латын жазуы - мемлекеттік тілдің сенімді тірегі»  атты шара өтізілді.

Оған Е.Бөкетов атындағы Е.Бөкетов атындағы  ҚарМУ-дың  қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қалиев Бектұрсын Аманқұлы, студент жастар, кітапхана оқырмандары қатысты.

Мақсаты:   қазақ жазуның тарихына шолу жасау, латын графикасына негізделген жаңа қазақ тілі әліпбиін таныстыру, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіру.

 013  014

015  016  

06 сәуір 2017 жылы кітапханада белгілі этнограф-ғалым, публицист, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері А.С.Сейдімбектің туғанына 75 жыл толуына орай «Арқаның алтын сандығы» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты:  А. Сейдімбектің өлмес мұраларын жас ұрпаққа дәріптеу, оқырмандардың қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Көненің көзіндей, заманның заңғарындай, ақсұңқар азаматтың өмір шежіресін  бірге өсіп, біте қайнасқан замандасы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Муталяпов Сәбит ата тебірене әсерлі әңгімелеп берді.

Содан кейін қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғаның өлшеусіз еңбегін жан-жақты зерделеп жүрген ҚарМУ «Филология» факультеті, қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, ғылым кандидаты А.Әбдіқадырова А.Сейдімбек зерттеулерінен мол мағұламат берді.

А.Сейдімбек атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық байқауының жүлдегері Б.Н.Ықыласов, әдеби әлемде оза шауып жүрген ойлы жас ақындарымыз Е.Нарын, Н.Жексенбай, ағаларының ізін қуып келе жатқан К.Абай, Д.Тәңірбергенов, З.Тілеулинов сынды ҚарМУ-нің студенттері Ақселеу күнделігінен үзінділер, арнау өлеңдерін оқыды, күй тартып, көрермендердің ықыласына бөленді.

033  034

035  036

037  038

2017 жылдың 23 қарашасында №11 филиалда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиі – жарқын болашақтың бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:  Қазақ жазуының тарихына шолу жасау, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін таныстыру, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіру.

   Аталмыш шараға Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті Тұрсынова М.А., ҚарМУ доценті Абдрахманов З., Қарағанды облысының жастар  ресурстық орталығының маманы, ақын Асқаров Қайрат Белгібайұлы және «Болашақ» колледжінің студенттері қатысты.

039  040

 041  042

09 тамыз 2014 жылы №11 кітапхана-филиалы алаңында кеншілер күніне орай көпшілік оқырмандар үшін «Қарағанды – Қазақстан өнеркәсібінің  қарашаңырағы» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі, ҚР мәдениет қайраткері Аркенов Дәуренбек, кітапхана оқырмандары, қала қонақтары  қатысты

Мақсаты: Ірі өндірісті кенді аймаққа айналған кеншілер қаласының тарихы, өсіп-өркендеу жолдары, даңқты кеншілеріміздің ерен еңбектері туралы мағлұмат беру, оларды шығармаларына арқау еткен белгі ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойында елге, жерге, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру.

048  049

050  051

Яндекс.Метрика