№ 14 кітапхана-филиалында «Ретро» клубы құрылды

Біздің клуб – оқуға деген сүйіспеншіліктері бар, қызығушылықтары ортақ, қарт адамдардың ерікті бірлестігі.

Мәдени тынығу клубын құру белгілі бір жасқа келген оқырмандардың сұраныстары мен мүдделері арқылы анықталады.

Клубтың мақсаты: Қариялар үшін жанға жайлы достық атмосфера құрып, ақпараттармен таныстыру, рухани азықтандырып, мәдени демалыс ұйымдастыру, белсенді оқырмандарды тарту, қызығушылықтарын тудыратын тақырыптарды ортаға салып, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарымен таныстыру және клуб жұмысында шығармашылық әлеуетті пайдалану.

Клубтың ұраны: «Жылдар бізге – қайғы емес!»

фестиваль здоровья minpog

Клубтың міндеттері: қарттарға қолдау көрсетіп, білім-тәжірибелерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін шығаруға мүмкіндік беру, жалғыз басты адамдардың бос уақыттарын түрлі шаралар арқылы қызғылықты ету.

«Ретро» клубы – бұл рухани жақын адамдардың кездесіп, танысып, шынайы әңгімелесіп, сыр шертісетін жер.

Жалғыздықтан жаны жабыққан қарттар – бұл жерде өз білімдерін іске асыруға мүмкіндік алып, өмірлік тәжірибелерімен бөліседі.

Клуб мүшелері сырттан бақылайтын пассивті тыңдаушылардан емес, тікелей қатысушылар. Олар әртүрлі мерекелік күндерге арналған шығармашылық кездесулер мен салтанатты шараларды өткізуге көмектеседі.

Барлық іс-шаралар негізінен кітапхананың оқу залында өтеді, онда олар өзара қарым-қатынас жасау үшін кездесіп, оқыған нәрселерінің әсерлерімен бөлісіп, ел өміріндегі оқиғалар туралы пікір алмасады.

Осы уақытқа дейін клуб аясында олардың қызығушылықтарын арттыратын 30 аса  түрлі көрмелер мен шаралар өткізілген.

Барлық іс-шараларға дайындық кезінде кітапхана-кеңесінің мүшесі болып – В.К.Югай, Л.В.Шульц, Р.Н.Меньшагина болып табылады. Олар аудиторияны энергиямен толтырып, тың идеялар айтып, клуб жұмыстарында шығармашылық қабілеттерін ортаға салады. Клубтың әр отырысы тақырыпқа сай бағытталады.

Әр кездесудің мақсаты – көңіл-күйді көтеріп, сергітіп, бақытты ету.

Соңғы екі жылда Рухани келісім күнінде, Жеңіс күнінде, Халықаралық әйелдер күнінде, Наурыз мейрамы, Дүниежүзілік денсаулық күні, Қарттар күні т.б. шаралар Югайдың ұйымдастыруымен, белсенділердің қатысуымен өткізіліп келеді. Кездесулер мобильді қосымшалар арқылы шақыртылды.

Олар кітапханашылардың материалдарын іздестіріп, сценарийлерін толықтырып, сүйікті өлеңдерін оқып, түрлі викториналар мен сайыстарға қатысады. Өмірлік тәжірибелері бар клуб мүшелері жастарға құнды кеңестерін айтып, естеліктерімен бөліседі.

Іс-шаралардың жоғарғы деңгейде өткендігі, қажетті орта мен атмосфера, тиісті тақырыптар – бұның бәрі мекеменің мәртебесін көтереді. Клуб мүшелері оқырмандардың басымдықтарын айқындау үшін қоғамдық сауалнамалар жүргізеді.

 Бұл аудиторияның барлық тілек-өтініштері назарға алынып, олар үшін: «Өткен шақтың беттері», «Шытырман оқиғаны сүйетіндер үшін», «Денсаулық – басты байлық» атты тақырыптық стеллаждар бөлінген.

Жыл сайын олар үшін бюллетендер, жекеленген және топтық жоспарлы оқылымдар: «Күнделікті рецептер», «Тоқу және тігуді үйрен», «Бағбаншыдан сабақ»  және т.б.шығарылады.

Ұзақ өмір сүру, көгалдандыру, тоқу, сауықтыру жүйелеріне және т.б.арналған басылымдарға назар аудартып, «Ошақ иесі», «Шипалы жазу», «Мың кеңес» мерзімдік басылымдарды насихаттайды.

Қазақ тілді оқырмандар үшін «Денсаулық», «Парасат», «Шапағат нұр», «Қазақстан әйелдері», «Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» және т.б.басылымдар ұсынылады.

Есеп жылдары олар, оқуға деген қызығушылығын жоғалтпаған, бірақ өз бетімен кітапханаға келе алмайтын оқырмандар үшін қосымша қызмет көрсетуді жалғастырады. Осындай оқырмандардың өтінішімен (Г.Балакирева, О.Устинова, А.Байжанова ) кітап жаңалықтары ұсынылып, кітаптар үйлеріне жеткізіліп беріледі.  Бұл жұмыстар әлеуметтік қызметкелермен бірлесіп жүргізіледі. « Жылдар бізге – қайғы емес!» клубының ұраны қиын сәттерде оларға демеу болатынына сенімдіміз.