Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана «90 жылдыққа 90 кездесу» жобасы аясында «Ғалымның сара жолы» атты кездесу кеші ұйымдастырды. Кездесуге Қ.Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің музыка пәнінің ұстазы Ж.Т.Батырбекұлы және Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет студенттер, Қ.Сәтбаев атындағы гимназия оқушылары қатысты. Кездесу кештің спикерлері Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарының барлау» кафедрасының аға оқытушысы, PHD доктор С.И.Бақытқызы, Қ.Сәтбаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ж.Аймағанбетова ғалымның ғылымдағы жолына жан-жақты тоқталды.
Тағлымы мол шарада «Қазақ халқының ұлы ғалымы» және «Қ.Сәтбаевтың өмір жолы» бейнебаяны көрсетіліп, оның елі үшін жасаған елеулі еңбектері ортаға салынып, оқырмандар біраз деректерге қанық болды. Сонымен қатар ақын-жазушылардың Қаныш ағамызға арналған шығармалары мәнерлеп оқылып және Қ.Аманжолов атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы Жанболат Батырбекұлы әсем әнін оқырмандарға тарту етті.
Модератор ол геолог қана емес, әдебиетші, тарихшы, этнограф, математик, педагог болғандығы жөнінде ақпарат беріп өтті.
Кездесу кеш барысында келген қонақтар Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі мен тұлғалық болмысына байланысты ойларымен бөлісті. Тағылымы мол шара барысында студенттер мен оқушылар ғалым туралы білетіндерін ортаға салды. Бұл әрине студенттер мен оқушылардың бейтарап қалмай, іс-шараға өз үлестерін қосуы деп түсіндік.
Сондай-ақ оқырмандарға «Қазақтың Қанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханамызда халқының лайықты ұлы Қ.Сәтбаевтың ұшан-теңіз еңбегін дәріптеу әлі де жалғасын таба бермек.
 
420213091 956371816158629 1857106867599414379 n     420261518 956371809491963 7609534207795521050 n
 

2024 жылдың 14 наурыз - Көрісу күніне М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Мәдениет және театр қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, жазушы-драматург, режиссер, ақын, сазгер, өнер зерттеушісі Аманолла Шайбековпен "Өнерпаздың сырлы әлемі" атты кездесу кеші "90 жылдыққа - 90 кездесу" жобасы аясында өткізілді. Кездесуге қатысқандар: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков; Қазақстан ауыл шаруашылығы Министрлігінің құрметті ардагері, Шет ауданының құрметті азаматы - Бакиров Әділ Қадырұлы; Қазақстан ауыл шаруашылығы саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, Қарқаралы ауданының құрметті азаматы - Омарханов Нихан Иманғалиұлы; ҚР Журналистер Одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Смағұлов Аңғар Марғозыұлы; актер, Мәдениет қайраткері Еспаев Дунай Амандықұлы; зейнеткерлер Шабанбай Төлеубаев, Жақан Бейсенбаев, Айдын Құлжабеков, Самат Әділбаев және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары, кітапхана оқырмандары.

Schojenov   Schojenov1   Schojenov2

 

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай "Өлеңім өмір дастаны" атты поэзиялық кеші өтті.
Фариза Оңғарсынова кеңінен таралған талай шығарманың авторы ретінде оқырманның есінде мәңгі сақталады. Оның отты өлеңдері, очерктері, әңгімелері, повестері елімізде ғана емес, шетелдерде де танымалдылыққа ие болды.
Мерейтойға арналған іс-шараға Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері, жас кітапханашылар қатысты.
Іс-шара барысында ақынның өз елінің адал патриоты, жоғары білікті аудармашы, талантты публицист болғаны туралы естелік әңгімелер айтылды.
Еңбек жолын ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастап, содан кейін облыстық газетте журналист болған, алғашқы өткір мақалалары қоғамды өзіне назар аударуға мәжбүр еткен қыз қазақ поэтикалық классикасының үздік дәстүрлерін жалғастырған, қазақ поэзиясындағы бірегей құбылыс, ешкімге ұқсамайтын ақын болды. Іс-шарада кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін оқыды.
Поэзия кеші соңында кітапхана оқырмандары естелік фотосуретке түсті.
 
Fariza   Fariza1   Fariza111

7 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған "Григорий Потанин атындағы ОМ" КММ және "Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ОМ" КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрек жылы" ойын бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында ұлдар мен қыздар екі командаға бөлініп, жеңіс үшін күресті. Мәреге жеткенде олар қызықты тапсырмаларды орындады, логикалық тапсырмаларды шешті және ситуациялық жаттығуларды талдады.

8 marta   8 marta1   8 marta11

2024 жылдың 5 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Алаш партиясы басшыларының бірі, ғұлама ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан күніне орай "Алаштың саяси көсемі" атты тарихи сабақ өткізілді. Іс-шараға ардагер ұстаз, Қазақстан Журналистер Одағының және Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қарағанды облысының білім саласына еңбек сіңірген қызметкер, Халықаралық үлкен энциклопедияның "Құрмет белгісінің" иегері, Әлихантанушы Тілеуғалы Әміртайұлы, "Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернаты тарих пәнінің мұғалімі Балтабаев Құлжанбай Байділдаұлы мен А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында арнайы кеш қонақтары дайындаған ұяшықтарды таңдау арқылы оның ішіндегі сұрақтарға жауап бере отырып, жас оқырмандарымызға Ә.Бөкейханұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат берді.

Bokeihan   Bokeihan 1   Bokeihan 11

Яндекс.Метрика