№1 жасөспірімдер кітапхана филиал библио-коворкингі

Біздің ең басты мемлекеттік мейрамымыз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен № 1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалында кітапханамыздың жас пайдаланушыларының жанды қарым-қатынасын ұйымдастыру, бос уақытын тиімді өткізу және шығармашылық дамуы үшін көпфункционалды кеңістік – библио-коворкинг ашылды. Біздің библио-коворкинг кітапхананың әрбір пайдаланушысы қызығушылықтары бойынша өзіне керекті құралды таба алатын, бөлінген функционалдық аймақтары бар интерактивті алаң болып табылады. Салауатты өмір салтын ұстану үшін кітапханада арқаға арналған инверсиялық үстел және турник бар. Жергілікті авторлардың кітаптарын көпшілікке тарату мақсатында кітапханада көркем кітаптардың QR-кодтары бар мобильді кітапхана оқырмандарға қосымша ақпарат берудің тиімді тәсілі ретінде белсенді пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, бізде іскерлік қарым-қатынас, қызықты кездесулер, семинарлар мен мастер-кластар үшін аймақ бар. Іс - шараларды онлайн-режимде өткізу үшін Wi-Fi бар. № 17 ЖОББМ 7 "а" сынып оқушысы Ералы Шакман домбырада Құрманғазының "Адай" күйін, Мұсабекова Айжан, № 34 ЖОББМ 8 "Б" сынып оқушысы Ш.Ділдібаевтың "Шындық туралы толғау"әнін орындады. № 34 ЖОББМ 8"Б" оқушылары жан Аяна мен Ералы Нұрым Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды. Бектұров атындағы ОЖК директорының орынбасары Н.Ф. Шмойлова және № 34 ЖББОМ кітапханашысы Г.А. Жолдыбекова құттықтау сөз сөйледі. Балалар үстел ойындарына белсенді қатысты.

Қорытындылай келе, жүргізушілер барлығын кез-келген бос уақытында біздің коворкингке шақырды.

001  002  003  004  005  006  007  008  009  010  011  012  013  014  015  016  017  018  019

Яндекс.Метрика