«Қарағанда қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

№12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалы

Кітапхана 1954 жылдан бастап жұмыс жасайды

Меке-жайы: Октябрь ауданы, Магнитогроская көшесі,14

электронды почта (e-mail) – This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., телефон  8-(7212)-37-97-00

https://vk.com/id339128401


Қарағанды қаласының  ОКЖ КММ – нің №12 балалар кітапханасы - қаламыздағы ең көне кітапханалардың бірі, ондағы ұжым «Кітап арқылы - жақсылыққа !» - атты ұран бойынша  жұмыс жасайды. Кітапхананың  кітап қоры  01.01.2020ж.  39290  данаға жуық. Кітапханада шағын, оқырмандарға ыңғайлы 20 отыратын орны бар оқу залы жұмыс жасайды. Оқырмандарға 4 кітапханашы қызмет көрсетеді (олардың екеуі  арнаулы жоғары  білімді).

DSC 2422  

IMG 20190725 112746  IMG 20190807 100900  

IMG 20191002 092943

Кітапхана қызметінің басты бағыты  кітаптар мен оны оқуды бұқара арасында  жымысы және оның таралуы болып табылады. Осы міндетті іске асыру мақсатында кітапхана ұжымы экскурциялар,  ашық есік күндерін, әртүрлі іс-шараларын кітапханада және кітапханадан  тыс өткізіп отырамыз.

            2019 жылдың желтоқсан айында кітапхананың оқу залында «DAMY KEŃISTIGI»   коворкинг орталығы ашылды. Мұнда балалардың бос уақытын пайдалы да тиімді өткізу, түрлі үстел ойындары, қолөнер шеберлік сағаттары, шығармашылық жұмыстармен айналысу т.б. қызмет түрлері көрсетіледі.

              Кітапхана Октябрь ауданында орналасқан. Біздің кітапханаға №6 арнайы мектеп интернат, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар интернаты, Крупская атындағы балалар үйі  жақынырақ  болғандықтан оқырмандарымыздың  ішінде қиын, тұрмысы нашар жанұя  балалары бар; біз бұл балаларға ерекше ықыласпен қарап, қызмет көрсетеміз.

2011 жылдан бастап біздің  кітапхана  «БҮКІЛ ӘЛЕМ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ БОЛСА...» атты кешенді-мақсатты бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс атқаруда.

Мақсаты: Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқуға тарту, әлеуметтік бейімделуге көмектесу. /сөйлеу, өзін ұстау, айналасындағылармен араласу, адамгершілік сезімін тәрбиелеу, құқықтық, ақпараттық  білімдер беру./

№12  балаларға қызмет көрсететін  филиал  төмендегідей  балалар мекемелерімен жұмыс атқарады:

«Ерекше бала» тобы

  1.  №6 мүмкіндіктері шектеулі балалар мектеп интернаты
  2.  арнайы мектеп интернаты /келісім шарт бойынша жұмыс жасалады/
  3.  балалар үйі

           Мектептер:

  1. №53 ЖББМЛ
  2. №13 ОМ /келісім шарт бойынша жұмыс жасалады/
  3. №95 М Г
  4. №73 ЖББОМ
  5. №82ЖББОМ

Балалар-жасөспірімдер клубтары:

  1. «Арман»
  2. «Мұрат» 
  3. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі

Осындай технологияны дамып жетілген уақытында  біздің кітапхана қызметкерлеріде  балалардың дұрыс деңгейде білім алып, өздеріне керекті ақпараттарды өз дәрежесінде жеткізуге үнемі ат салысып отырады. Сонымен қатар кітапханада атқарылған барлық іс-шаралар республикалық және обылыстық деңгейдегі ақпараттық басылымдарға «Дружные ребята», «Алтын Арай», «Үшқоңыр» газеттеріне шығып отырады. Сол сияқты заман талабына сай «ВКонтакте» , Инстаграм парақшаларындада күн сайын жаңалықтармен бөлісіп керекті мағлұматтарды жариялап отырады.

Кітапхананың  және кітапханашылардың басты мақсаты жас ұрпаққа әлемдік отандық мәдени мұрамызды дәріптеуге үйрету. Келер ұрпақты салмақты салауатты, көзі ашық көкірегі ояу алдына қойған мақсаты айқын етіп тәрбиелеу.

 

 

18 мамыр күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында №76 және №95 гимназияның 7-сынып оқушыларымен Астана қаласының 20-жылдығына орай «Астана –елордам менің» атты интеллектуалды марафоны  өткізілді.

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.

Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Көркемдеу:  «Туған жерім-Қазақстан гүлдене бер!» кітап көрмесі, банер «АСТАНА –ұлы дала елордасы».

Іс-шараға «Астана –елордам менің» ұсыныстық тізімі дайындалды. Балаларға  «Астана –ұлы дала елордасы» белгібауы және «Астана –Отанымның жүрегі» атты жапсырғыштар естелік ретіне таратылды.

 Әділ-қазылар алқасының мүшелері:

-аудандық «Нұр Отан» партиясының төрайымы Аманжолова Б.А.

-жастар ресурс орталығының өкілі

- «Арман» аула клубының жетекшісі Аманжолова А.С.

Іс-шараның модераторы кітапханашы Игібаева кешті құттықтау сөзбен ашты. Одан әрі әділ-қазылармен таныстырып , топтарды ортаға шақырды.

Интеллектуалды марафонда 2 топ өзара сайысқа түсті. Олар «Үміт» және «76-Қырандары». Шараны

«Geoэрудит» жаттығу ойынымен ашып, одан әрі басты сайыс кезеңдері яғни «Топтардың сәлемдесуі», «Үй тапсырмасы», «Бәйге», «Ақылды бала», «Ойлан,тап», «Жанкүйерлер сайысы» жалғасын тапты. Сайыс қорытындысын шығару үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Балалар ән мен күйден шашу шашып өз өнерлерін көрсетті.  Жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттап, тәтті сыйлықтар таратылды.

Шара соңында кітап көрмесіне шағын шолу жасалды.

Қатысқаны : 30 адам

SAM 8778  SAM 8779

SAM 8780  SAM 8783

SAM 8830

8 ақпан күні  №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында №7 және №95 гимназияларының 8-сынып оқушыларымен «Аүғаныстан тірі ескерткіш» атты тарихи сағат өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпақтың бойына патриоттық, адамгершілікті қалыптастыру; Отан алдындағы борышын адал атқару деген ұғымдарды қалыптастыру.

Көркемдеу: «Ауғаныстан жан-жарасы» кітап көрмесі, баннерлер;слайттар;видеороликтер; «Соңғы солдат» документалды филімінен көріністер көрсетіу.

Шараға  ауған соғысына қатысқан жауыгер-интерноциолистер Жұматаев М.Б., Тайбеков Б.Б., Байкенов А.М. және модератор ретінде Қарағанды қаласы және облысы бойынша Ауған соғысы Ардагерлері мен Мүгедектерінің одағының төрағасы  Хасенов Талғат Болатұлы шақырылды.

Шара қазақ және орыс тілінде жүргізілді. Кешті кітапханашы Игібаева Қ. осы айтулы күннің мазмұнымен тарихы туралы қысқаша мәліметпен ашып берді. Осы сұрапыл соғыста қапыда көз жұмған боздақтарымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алдық. Кеш ардагерлерімізбен балалардың арасындағы пікір-таласпен өз жалғасын тапты. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Қатысқаны:42 адам.

IMG 20180208 143255  IMG 20180208 145305

SAM 7893 копия  SAM 7895

SAM 7897  SAM 7914

14 қараша күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінде №95 МГ 7 сынып оқушылары үшін , ҚР ұлттық валютасының  25-жылдығына   арналған  «Теңге...Теңге?Теңге!!!» атты эрудит-ойыны өткізілді.

Мақсаты: патриоттық және адамгершілік тәрбие, Қазақстанның ұлттық символдарының бірі ұлттық теңге жалы ақпарат беру.

Шараға «Теңге Тәуелсіздік-символы» атты тақырыптық көрме дайындалып,  «Менің Қазақстаным» атты клип және «Теңге-кеше,бүгін,ертең» видеосы көрсеілді. Ойынның атрибуты екі тілді «Қазыналы қорапша» болды.  Ойында  «Алтын» және «Теңге» деген атпен екі команда өзара сайысқа түсіп, кім теңге жайлы көп ақпарат білетіндерін ортаға салды.

Ойын барысында балалар көптеген сайыстарға, викториналарға жауап беріп («Графикалық символ», «Халық даналығы», «Ғажайып ақшалар», т «Экономикалық сөздік», «Тарихи» және «Қоржын», «Қорғаныс», кластер «Ақшаға сатылмайтын зат?».) ойынға белсене ат салысты.

Шара соңында әділ-қазылар алқасы жеңімпаз деп «Теңге» командасын анықтады. Екі т топ та 1ші, 2ші орын алғандары үшін  мақтау қағаздарымен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Қатысқаны 28адам.

SAM 9878  SAM 9886

SAM 9894  SAM 9900

25 шілде №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында Октябрь аудандық ардагерлер кеңесңмен бірлесіп қазақ халқының біртуар ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175жыл және орыс класик ақыны А.С.Пушкиннің туғанына 220жыл толуына  арналған  «Даналар үндестігі» атты әдеби қонақжай өткізілді.

Шараның басты мақсаты осы ұлыларымыздың шығармашылығымен өскен үш ұрпақтың бос қосуы болды. Мұнда 8 жастағы балалар мен 80 жастағы ата-әжелердің ат салысуы. Шарада екі ақынның өлеңдері оқылып, әндері әуелете шырқалды. Кеш қонақтары Октябрь аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орындасары Аманжолова Б.А., қалалық ардагерлер қоғамының төрайымы Слепова А.П., Майқұдық мәдениет үйінің хор солистері, Жамбыл атындағы ментеп-интернатыны директорының міндетін атқарушы Мейрамбековтер қатысты. Шара соңында Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға Абай мен Пушкиннің кітаптарын табыстап, мақтау қағаздарымен марапаттады, балаларға тәттілер мен жемістер таратылды.

Қатысқаны:45 адам

IMG 20190725 105034  IMG 20190725 120307 копия

SAM 0616  SAM 0626

SAM 0637  IMG 20190725 111443

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. 15 наурызда №53 ЖББМЛ  6 «а» сынып  «Наурыз -  мерекем, құт берекем!» атты мерекелік кеш №12 балалар кітапханасының оқу залында өткізілді. Залды көркем суретті панномен, баннермен, шарлармен, гүлдермен безендірдік. Іс-шарада ұлы мереке Наурыз мейрамы жайында түсінік беріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы сұрақтарға балалар белсенділікпен жауап берді. Мерекелік кеште ойын және танымдылық түрінде Наурыз мерекесінің ерекшеліктерін, салт-дәстүрлері және  әдеп-ғұрыптарымен таныстырып өттік. Наурыз тойына балаларда өз үлестерін қосып, мерекелік кешті ән айтып, би билеп, жыр жолдарын оқып өнерлерін көрсетті. Айтамбетова Рыскелді «Наурыз жыры», Сәкенқызы Гүлім «Айналайын» әндерін тамылжыта шырқап, Айтмағамбек Нұрислам «Балбырауын» күйін  нақышына келтіріп орындады. Балалардың назарына  «күлдіргі жұмбақтар» ұсынылды. Кешке  қатысушылар жұмбақты шешуде өздерінің ұшқыр ойларын көрсетіп, білімдерін жетілдірді. Қазақтың ұлттық «Ақ сандық, көк сандық», «асық ату», «қоржындағы сұрақтар» ойындары ойнатылды.

IMG 20190315 102212  IMG 20190315 104827

 SAM 0283 2  SAM 0296 2

IMG 20190315 103947

№12 балаларға қызмет көрсететін кітапхананың оқу залында 3 мамыр күні  Отан қорғаушылар күніне арналған «Бейбітшілік күзетінде» атты патриоттық ойыны өткізілді. Оқушылар «Қыран» және «Сұңқар» атты  екі топқа бөлініп, түрлі сайыстар, викториналар (тест-викторина «Солдат ептілігі», «Снайперлер», «Түнгі шолу», «Көтермек», «Медбике» т.б.) ойындар ойнады.  Шара соңында қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Болашақ Отан қорғаушылар әрқашан салауатты өмір сүруге дайын болуы шарт оның ішінде ер балалар спортпен айналысуы керек осы бағытта балаларға ата-аналар тарапынан сыйлыққа доптар сыйлық ретіне таратылды.

Қатысқаны: 26 адам.

IMG 20190502 143953  IMG 20190502 145153

IMG 20190502 150635  IMG 20190503 112251

IMG 20190503 113100

6 желтоқсан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалында «DAMY KEŃISTIGI» коворкинг орталығының ашылу салтанаты өткізілді. Шараға Октябрь аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші хатшысы Аманжолова Б.А., «Арман» аула клубының жетекшісі Аманжолова А.С. , және «Жастар» аула клубының жетекшісі  Жұманбаева Н.С., №95 МГ-ның

5-6 сынып оқушылары қатысты.

Кешті кітапхана меңгерушісі    алғы сөз сөйлеп бұл шара еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен кітапхананың оқу залында коворкинг орталығы, яғни балалардың бос уақытын  жан-жақты пайдалы, тиімді етіп өткізуге арналған орталық екендігін айтып өтті. «Тsoy stydio» жетекшісі  Ольга Цой өз шәкіртерімен келіп құмда сурет салу сабағынан шеберлік көрсетсе, «Жастар» аула клубының жетекшісі Жұманбаева Н.С. оригами қағаздан түрлі қолөнер шеберлік жұмыстарын көрсетті. Шығармашылық бұрышына  мүмкіндігі шектеулі балалардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары келген қонақтардың көңілінен шығып, балалардың қызығушылығын тудырды. Ал ойын бұрышында балалар хоккей, тоғыз құмалақ, шахмат, шашка ойындарын өзара қыздырды. Келген қонақтардың және балалардың ерекше көңілінен шыққан 3Д көзілдірігі мен қуыршақтар театры болды.

Шара соңында оқушылар осы мерекеге арнайы дайындаған ән-жырдан шашуларын шашты. Кеш соңында  шараға ат салысқан балалар алғыс хаттармен марапатталда.

Қатысқаны: 35 адам.

  IMG 20191206 102939  IMG 20191206 103023

  IMG 20191206 111829  IMG 20191206 112035  

IMG 20191206 112542  IMG 20191206 WA0033 

12 желтоқсан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында №73 орта мектептің 5- сынып оқушыларымен Тәуелсіздік күніне орай «Елім менің мақтанамын өзіңмен» атты танымдылық - саяхат ойыны өткізілді. Шараның мақсаты  еліміздің өткен тарихымен, салт-дәстүрімен таныстыру, жас ұрпақты патриоттыққа, адамгершілікке,өз тілін, дінін құрметтеуге тәрбиелеу. Шара Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен және «Менің Қазақстаным» өлеңімен ашылды.

Кештің жүргізушісі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасына тоқталып, болашақ жастардыкі сондықтан өз елімізді,тарихымызды,мәдени құндылықтарымызды сақтап құрметтеуге шақырды.

Шара барысында балалар Қазақстан тарихы мен мәдениеті жайындағы сұрақтарға жауап беріп өз білімдерін шыңдады. Одан әрі ойын жалғасын тапты. «Үздік аудармашы» сайысында балалар ана тілімізді қаншалықты меңгергендіктерін байқатты. Келесі сайыста балалар «Мен-азамат!» сайысында өз құқықтарын қаншалықты қорғай алатындықтарын  көрсетілген слайттар арқылы дәлелдей алды. Ал «Асыл мұра» сайысында қатысушылар өздерінің қаншалықты мақал-мәтел білетіндіктерін ортаға салып, осы тақырыптағы кітаптармен танысты.

«Қазақтың салт-дәстүрлері» сайысында оқырмандар атқа міну, ат ойындарымен таныстырылды. Шара соңында дайындалған кітап көрмесі және сиқырлы қоржыннан алынған кітаптарға шолу жасалды. Кеш балалардың белсенді ат салысуымен өте қызықты да танымды болып өтті.

Қатысқаны:30 адам.

IMG 20191212 122131  IMG 20191212 122150

IMG 20191212 122712  IMG 20191212 123103

IMG 20191212 124024  IMG 20191212 125613

6 ақпан күні  №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің оқу залында №53 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларымен және  «Арман» аула клубымен бірлесіп Ауған соғысының аяқталғанына 30-жыл толуына орай «Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды» атты тарихи сағат өткізілді.

Мақсаты: жас ұрпақтың бойына патриоттық, адамгершілікті қалыптастыру; Отан алдындағы борышын адал атқару деген ұғымдарды қалыптастыру.

Көркемдеу: «Ауғаныстан жан-жарасы» кітап көрмесі, баннерлер;слайттар;видеороликтер; «Соңғы солдат» документалды филімінен көріністер көрсетіу.

Шараға  ауған соғысына қатысқан жауыгер-интерноциолистер    және модератор ретінде Қарағанды қаласы және облысы бойынша Ауған соғысы Ардагерлері  Жакупов Ғалым Тлеубайұлы, Семёнов Владимир Викторович және  Абишев Жетпис Шаймагамбетұлы шақырылды.

Шара қазақ тілінде  жүргізілді. Кешті кітапханашы Игібаева Қ. осы айтулы күннің мазмұнымен тарихы туралы қысқаша мәліметпен ашып берді. Осы сұрапыл соғыста қапыда көз жұмған боздақтарымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алдық. Кеш ардагерлерімізбен балалардың арасындағы пікір-таласпен өз жалғасын тапты. Балалар өздерін толғандырған сұрақтарына түрлі жауаптар алды. «Арман» аула клубының жетекшісі Аманжолова А.С. ардагерлерді құттықтап, балаларды салауатты өмір сүріп жақсы оқуға шақырды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Қатысқаны:25 адам.

IMG 20190206 110330  IMG 20190206 113408  IMG 20190206 114230  PANO 20190206 110553  PANO 20190206 110634

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында №95 МГ-ның 3 сынып оқушыларымен ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында 26 ақпан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана филиалының оқу залында «Абай сөзі мәңгілік» атты  поэзиялық нон-стоп өткізілді. Кітапханашы Игібаева балаларды ұлы Абайдың қазақ халқы үшін аалатын орны бөлек тұлға екендігін және онық өмірі мен шығармашылығы жайында тілге тиек етті. Оның  туған халқына, жеріне, табиғатына арнап жазған өлеңдерін еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жатқа білетіндерін жеткізді.  Бұл ойымызды осы шараны  автордың шығармаларын жаттап жарыса оқыған оқушылар дәлелдей түсті. Абай өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыған 3ә және 3ғ сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қатысқаны:50 адам.

100к  100у

100л  100ш

1 ақпан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің «DAMY KEŃISTIGI» орталығында «Кітап және қуыршақтар» атты библиотерапиялық сабақ өткізілді. Бұл тақырыпты ашу үшін бізге С.Образцовтың «Қуыршақтар менің өмірім» және «Қуыршақтар театры» сондай-ақ Н.Смирнованың «Қуыршақтар сөйлейді» атты кітаптары көмекке келді. Сабақ барысында «Балалар энциклопедиясы» журналының осы тақырыпқа арналған видеоролигі көрсетіліп, «Етік киген мысық» спектакілінен үзінділер тамашаланды. Шара соңында балалар осы қуыршақтарды пайдалана отырып  өздерінің әртістік қабілеттерін шыңдап көрді.

101а  101о

IMG 20200131 141359  IMG 20200131 142721

101е

2020 жылдың 5 қаңтарында №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхананың «DAMY KEŃISTIGI» орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-иетернатының оқушыларымен қысқы демалыс күндерін пайдалы да, қызықты өткізу мақсатында «Қыс кереметтері» атты жаңа-жылдық ойын  өткізілді. Балалар түрлі ойын сайыстарға қатысып  көптеген тақырыпқа арналған сұрақтарға («Таңғажайып жаңа-жыл», «Жұмбаққа толы жаңа-жыл», сайыстар «Шырша», «Мишкалар мен жаңғақтар», «Көзге көрінбейтін қалпақ» ойындары) жауап берді. Бұл іс-шара балаларды тек ойнатып қана қоймай олардың денсаулығында ақауы бар екендіктерін ескере отырып ой және қол моторикаларын дамытуды да ұмытпаған жөн және кітапханашылар осы жайды да естерінен шығарған жоқ. Шара балаларға өте жақсы әсер қалдырып қана қоймай ой-өрістерін кеңейтті. Сөйтіп балалар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

102з  102й

102к  102о

102ф

8 ақпан №12балаларға қызмет көрсететін кітапхананың «DAMY KEŃISTIGI» орталығында №95 мектеп-гимназиясының 2 «ә» сынып оқушыларымен бос үақытты тиімді және қызықты пайдалану мақсатында таныстыру шарасы өткізілді. Онда балалар үстел ойындарын ойнап, құммен сурет салып, түрлі ашық хаттарды бояумен және өздерін қуыршақ театырының әртістерінше сезінді.

103д  103й

103ь  103ю

IMG 20200207 133638  IMG 20200207 133824

103и

Яндекс.Метрика