№6 кітапхана филиалы

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №6 кітапхана филиалы 1960 жылы құрылған. 32 квартал шағын ауданында орналасқан. Қызмет көрсету ауданында:  №88 ЖББОМ, №62 ЖББОМ, №41 мектеп-гимназиясы, «Мұрагер» ОМИ, ҚарМТУ, КУБУП орналасқан, сондай-ақ біздің кітапхана Қарағанды облысы Білім беру басқармасының «Ақпараттық технологиялар» мектеп-лицей-интернатымен, гуманитарлық колледжбен, медицина колледжі және Тәттімбет атындағы өнер колледжімен тығыз байланыста.

Кітапхана отбасылық оқу бағыты бойынша «Отбасымен бірге оқимыз» бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Сондықтан, кітапханадағы барлық жұмыс балалар мен олардың ата-аналарын, сондай-ақ жасөспірімдерді кітапханаға тарту бойынша, кітапханалық және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізу үшін құрылады.

Негізгі мақсаты: әр түрлі жастағы қолданушыларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, іс-әрекеттің ерекше түрі және ақыл-ой күйі ретінде дамыту. Отбасылық оқуларды жаңғырту және ата-аналардың, балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын ұйымдастыру. Кітапханада кітапханашылар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы ынтымақтастық атмосферасын құру, кітапхана қабырғасында бірлескен бос уақытты ұйымдастыру әр түрлі жастағы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі.

Біз, кітапханашылар, барлық отбасы мүшелерінің оқырмандық сұраныстарын қанағаттандыру және қалыптастыру үшін өз мүмкіндіктерімізді көрсетуге және барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бүгінгі таңда отбасы балаларды кітапқа, оқуға баулуда кітапхананың сенімді серіктесі болып табылатыны туралы айтуға болады, бірақ біз балалармен ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдермен де тығыз байланыста екенімізді айтуымыз керек.

Мәдени-демалыс іс-шаралары кітапхана жұмысының ажырамас бөлігі болып саналады. Кітапханада кітаптар мен оқуды насихаттау мақсатында әдеби викториналар, дайджесттер, кітап шолулары, музыкалық шығармалар, ақпараттық деректер өткізілді. Мәдени-демалыс іс-шараларының негізгі міндеті - кітаптар, журналдар, оқуды насихаттау.

SAM 1291SAM 1295SAM 1315SAM 1340

 Еріктілер жылы аясында біздің кітапхананың ерікті студенттерімен бірге Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілді, сонымен қатар еріктілер Қала күні тарихи-өлкетану музейінде өткізілген М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың «Өлке тұлғалары» тележобасына, «Жұлдызды оқырман» желілік жобасында қатысты.

 001  002  003

        004  005

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай кітапханада ардагер Б.Е.Есжановпен кездесу ұйымдастырылды, интервью Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің YouTube каналында жарияланды (https://www.youtube.com/watch?v=ArGlDQ74dbA ).

006  007 

                                                  008  009

Қазіргі уақытта Интернет адамдар өмірінің көп бөлігін алады. Біз барлығымыз ақпаратты ғаламтордан білеміз және оны көптеген әлеуметтік желілерде бөлісеміз, сондықтан кез-келген мазмұнды желідегі қызметтер кеңінен танымал және жоғары рейтингке ие болуда.
Ғарыш күніне ҚарМТУ студенттерімен Zoom платформасында іс-шара өткізілді.

010  011  

                                                      012  

На странице в социальных сетях ВКонтакте және Instagram әлеуметтік желілердегі парақшаларда қызықты ақпараттардеректер, бейнешолулар, ақпараттар, қызықты, танымды сайттарға сілтемелер жүктеледі, сонымен қатар виртуалдық кітап көрмелері, бейнеқаралымдар, фотобайқаулар және т.б. (https://www.instagram.com/bibliotekafilial_no.6/; https://vk.com/id580782603 ).

 013  014

 015   018

 017   016

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №6 кітапхана филиалы 1960 жылы құрылған. 32 квартал шағын ауданында орналасқан. Қызмет көрсету ауданында:  №88 ЖББОМ, №62 ЖББОМ, №2 өнер мектебі, ҚарТУ, КУБУП орналасқан.

Кітапхана отбасылық оқу бағыты бойынша «Отбасымен бірге оқимыз» бағдарламасы аясында жұмыс істейді. Сондықтан, кітапханадағы барлық жұмыс балалар мен олардың ата-аналарын, сондай-ақ жасөспірімдерді кітапханаға тарту бойынша, кітапханалық және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізу үшін құрылады.

Негізгі мақсаты: әр түрлі жастағы қолданушыларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, іс-әрекеттің ерекше түрі және ақыл-ой күйі ретінде дамыту. Отбасылық оқуларды жаңғырту және ата-аналардың, балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын ұйымдастыру. Кітапханада кітапханашылар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы ынтымақтастық атмосферасын құру, кітапхана қабырғасында бірлескен бос уақытты ұйымдастыру әр түрлі жастағы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі.

Біз, кітапханашылар, барлық отбасы мүшелерінің оқырмандық сұраныстарын қанағаттандыру және қалыптастыру үшін өз мүмкіндіктерімізді көрсетуге және барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бүгінгі таңда отбасы балаларды кітапқа, оқуға баулуда кітапхананың сенімді серіктесі болып табылатыны туралы айтуға болады, бірақ біз балалармен ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдермен де тығыз байланыста екенімізді айтуымыз керек.

Мәдени-демалыс іс-шаралары кітапхана жұмысының ажырамас бөлігі болып саналады. Кітапханада кітаптар мен оқуды насихаттау мақсатында әдеби викториналар, дайджесттер, кітап шолулары, музыкалық шығармалар, ақпараттық деректер өткізілді. Мәдени-демалыс іс-шараларының негізгі міндеті - кітаптар, журналдар, оқуды насихаттау.

ҚР Президентінің бастамасы бойынша 2021 жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы болып жарияланды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында кітапханамыздың оқырмандарымен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған іс - шаралар өткізілді, "Соғыс туралы кітап оқимыз" - "Читаем книги о войне" акциясы және тыл еңбеккерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Филиал қызметкерлері жадынамалар таратып, қала тұрғындарын кітапхана қорынан соғыс туралы кітаптармен таныстырды.

01 02

2021 жылдың 17 наурызында №6 кітапхана филиалының оқу залында үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен бірлесе ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Армысың, әз Наурыз!» атты Наурыз мейрамына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Кеш, жүргізуші Н.Ж.Бакышованың Наурыз мерекесімен құттықтауынан басталды. Содан кейін іс-шараның жүргізушілері мерекенің тарихы туралы екі тілде ақпарат берді, кеш қонақтарымен викторина өткізілді. Іс-шара соңында «Жарқыра, жайна Наурыз!» кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.

03  04                                                                                  05

2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 кітап" рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Акция аясында оқылатын кітаптар қарияларға, ата-бабалардың салт-дәстүрлеріне, рух пен жанның тазалығына деген сүйіспеншілік сияқты дәстүрлерге мән беріп, оқырмандардың жүрегінен өз орнын табатынына сенімдіміз. №6 кітапхана филиалында "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында кітаптар насихатталып, жарнамалануда.

2021 жылдың 18 ақпанында №6 кітапхана филиалының әлеуметтік желі парақшаларында "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 кітап" рухани-мәдени акциясының 30 кітабына енген Тынымбай Нұрмағамбетовтың "Періштелердің өлімі" романы бойынша буктрейлер ұсынылды. Бұл шығармада жазушы біздің заманымыздың ащы шындықтарын асыл тілмен суреттей отырып, әртүрлі тағдырлы адамдардың көркем бейнесін көрсетеді. Ауыл өмірін жақсы білетін сөз білушінің жаңа романы оқырманды бір-бірін толықтыратын және дамытатын сюжеттік желімен таң қалдырады.

Кітапхана "Рухани жаңғыру" бағдарламасы сияқты негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді, іс-шаралар өткізілді, қазақ тілінен латын графикасына көшу бойынша посттар мен мақалалар үнемі жарияланып тұрды, сондай-ақ кітапханашылар латын графикасын зерделеу бойынша онлайн-курстан өтті. Тіл туралы білімді кеңейту, мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттыру, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру мақсатында №6 кітапхана филиалының меңгерушісі Г.А.Қанатбекованың «QARAGANDY HABARY» газетінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі номеріне «Қазақ тілінің көкжиегі» мақаласы жарияланды.

2021 жылдың 24 қыркүйегінде №6 кітапхана филиалында оқырмандар үшін Ашық есік күні өткізілді. Күні бойы кітапханашылар филиалда экскурсиялар, викториналар, ойындар, тақырыптық конкурстар өткізіп, оқырмандарды кітапханамен және кітап көрмелерімен таныстырды.

06  07                                                                                             08

Оқу мәртебесін арттыру, оқырман белсенділігін арттыру, оқудың жоғары мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жастардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында 2021 жыл - "Балалар әдебиеті жылы" болып жарияланды.

2021 жылдың 1 маусымында №6 кітапхана филиалында балалар шығармашылығы сағаты өткізілді, онда балалар асфальтқа сурет салып, түрлі ойындар ойнады, ертегілер оқыды, ермексаздан мүсін жасады, пазлдар жинады. Сондай-ақ, бұл күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Балалар әдебиетін қолдау жылы аясында "Буккроссинг планетаны шарлайды" акциясы бастау алды.

                          010  09

                          011  012

Буккроссинг - бұл бүкіл әлемдегі кітаптар циклы. Идея американдық интернет-технология маманы Рон Хорнбекерге тиесілі. Жаз бойы кітапханада "Буккроссинг планетаны шарлайды" акциясы өтті.

Акцияның мақсаты - балалардың назарын кітапқа аудару, сонда ғана кітап оқу жаппай және танымал құбылысқа айналады. Кітап оқығысы келетін кез-келген оқырман өзінің кітабін орнына қалдырып, орнына басқа кітапты үйіне алып кете алады. Буккроссингтің негізгі қағидасы: "Оқысаңыз - басқаларға беріңіз".

Кеншілер күніне орай "Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ №6 филиалы "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бастамасымен кеншілердің отбасына, тарихына, кітаптарын кеншілер еңбегіне арнаған жазушыларға арналған челленджге қатысты. Челлендждің мақсаты-Қарағанды кеншілерінің тарихи жадын қалыптастыруға, мәдени, рухани және еңбек мұрасының үздік жетістіктерін насихаттауға жәрдемдесу, кеншілер еңбегінің нәтижелеріне ұқыпты қарау. Челленджге Қарағанды қаласының құрметті шахтеры Садыков Шамиль Бурганович және Накупов Данияр Сафиллулаевич қатысып, Қарағанды шахтерлерінің еңбек күнінің сәттерімен бөлісті.

                            013  014

                            015  016  017

Яндекс.Метрика