13 ақпан күні №8 кітапхана-филиалында № 85 ЖББОМ  8 «а» сынып оқушылары үшін «Қазақстан: даму бағдары» атты ақпарат алаңы өтті.  Мақсаты: мемлекеттің саяси өміріне белсене атсалысу, өз елінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру, қазақстандық патриотизм мен өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.  Шараға «Бірлігі жарасқан, гүлденген Қазақстан» атты әдебиеттердің ашық көрмесі безендірілді, «Дамудың жаңа көкжиектері» атты слайд-презентация көрсетілді. Шараға 15 адам қатысты.

8

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика