№1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалында қала күніне орай № 34 ЖББОМ 8 сынып оқушылары үшін  «Мен қаламды мақтан етем» атты  репортаж – кеш өткізілді.  Мақсаты: оқушыларға туған қаласының тарихымен таныстыру, қала туралы білімдерін кеңейту, Қарағанды қаласының нышандарына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру. Шара барысында Қарағанды қаласының ескерткіштері мен көрікті жерлерінен жүргізілген репортаж арқылы оқушылар қаламыздың сәнін келтіретін архитектуралық ескерткіштермен, монументтермен және заманауи ғимараттармен жақын танысты. Оқушылар қала туралы өлеңдер оқыды. Шараға «Сарыарқа кітапханасы» топтамасынан дайындалған көрме-инсталляция мен «Гүлдене бер, іңжу–маржан  Қарағанды» атты кітап көрме сіне шолу жасалды, «Шахтер даңқы» монументінің макетімен таныстырылды, сондай-ақ, «Менің сүйікті қалам – Қарағанды», «Қарағанды кеншілері» слайдтары көрсетілді.  Қорытындысында оқушылар «Манекен челлендж» интернет-флешмобына қатысты.

1ю2



Яндекс.Метрика




Яндекс.Метрика