16 қарашада «Рухани  жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім»  жобасы аясында күйші Әбікен Хасеновтың туғанына 125 жыл толуына орай  М.Әуезов атындағы қалалық кітапханада «Қоңыр» атты күй кеші болып өтті.

Іс-шараның мақсаты: оқырман жастарды  күйшінің шығармашылық  табыстарымен  және  өмірбаяндық   деректерімен таныстыру, күйшілік өнерге баулу. Шара  «Күй керуен» шертпе күй орталығының директоры Қ.Садуақасов, Сайдалы сары Тоқа күйшілік мектебін жалғастырушы Е.Жәнібеков, әйгілі күйші Аққыздың шәкірті К.Рахымбекова, Ж. Әділбекова, Ә.Хасенов атындағы байқаудың жүлдегері Қ.Қасымов, күйші, композитор М.Сәмекеев, журналист,  тарихшы М.Баймұқанов, өнер жанашыры, мәдениет қайраткері, А.Шуланбаев, Грузия елінен Зугзиди қаласының муниципальды кітапханасының директоры Мадонна Макацария және Тәттімбет атындағы колледж студенттері қатысты. Кешті  Қасым Аманжолов атындағы музыка мектебінің оқушылары оркестрмен күй өнерінің шығармаларын орындап ашты. Кеш бойы күйші қонақтар өз өнерлерін ортаға салып, жастарға күй өнерінің құдыретін жеткізді.  Қарағанды медициналық университетінің шетелдік студенттері ұлттық өнерімізді тамашалады. «Қоңыр» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

DSC 0133 minDSC 0154 minDSC 0162 minDSC 0192 minDSC 0197 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика