28 наурыз күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Туған жерім-тұғырым» бағдарламасы аясында «Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі» ҚМҚК құрылғанына 80 жыл толуына арналған «Арқа әуенін асқақтатқан» атты бейнесалон өтті. Іс-шараның мақсаты: жастарды әлемдік және ұлттық музыка мәдениетінің озық үлгілерімен таныстыру, жас ұрпаққа рухани азық беретін ұлттық өнерді дамыту, «Қарағандының Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі» ҚМҚК-нің шығармашылық қызметін насихаттау.  Іс-шараға Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік  ұжымы басшысының орынбасары Ғ.С.Ажбағанбетов, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің тәрбие жөніндегі проректоры Н.А.Алпысбаева, ҚарМТУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі  А.С.Сағатова, ҚарМТУ аға оқытушысы Н.З.Ожанов, ҚарМТУ ИВС кафедрасының оқытушысы Л.Қ.Сүлейменова, инновациялық технологиялар коледжінің  директоры Н.А.Смағұлова, Бұқар жырау ауданының Ботақара өнер  мектебінің  директоры Б.Е.Ермұхамбетов, «Ұлттың ұлы тұлғалары Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы  және Шортанбай Қанайұлының 200 жылдығына» арналған «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысының бас жүлдегері, Қарағанды политехникалық унивеситетінің 1-курс студенті, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Бекарыс Оспанов  шақырылды. Шара барысында М.Әуезов атындағы ОҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі Г.Р.Жылтыбаева Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің құрылу тарихымен және осы бірлестікте еңбек ететін Қазақстанның өнеріне еңбек сіңірген аты әйгілі әртістермен таныстырып өтті. Концерттік бірлестік директорының орынбасары Ғ.С.Ажмағамбетов ұжымның шығармашылық қызметі мен музыка мәдениетінің, ұлттық өнердің және облыс халқының, әсіресе жастардың рухани-адамгершілік байлығын жаңғыртудың озық үлгілерін насихаттау болып табылатын негізгі міндеттері туралы әңгімеледі. Қатысушылардың назарына филармонияның өмірбаянымен, жаңа жетістіктерімен таныстырып, облыстық Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің мәртебесін ашып көрсететін «Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік -  K.Baizhanov Concert Association» атты бейнепрезентация ұсынылды.

DSC 1060 minDSC 1072 minDSC 1085 minDSC 1095 minDSC 1100 minDSC 1101 minDSC 1111 minDSC 1112 min1 minDSC 1038 minDSC 1040 min

Яндекс.Метрика