Маусымның 19 күні №12 балаларға қызмет көрсету кітапханасының оқу залында №82 мектебінің жазғы демалыс лагерінің балаларымен «Кітап патшалығына саяхат» атты экскурсия өтті. Шараның мақсаты: балаларды жаңа кітаптармен, кітапханамен таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Кітапханашы- кітап қорының әртүрлі болатындығын, ойыншық кітаптар мен сөйлейтін, электрондық кітаптардың да бар екендігін айтып өтті. Оқушылар кітапхана кызметін қалай пайдалану керек екендігін, каталогпен қалай жұмыс істеу керек екендігін толық танып, білді. Шара барысында әртүрлі сайыстар мен викториналық ойындар ойнатылып, жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасалды. Кештен соң балалар кітапханаға жазылып, кітап оқығысы келетіндігін айтты.

SAM 9032SAM 9039SAM 9049

Яндекс.Метрика