1  наурыз күні №8 кітапхана-филиалының оқу залында қазақ халқының музыка қайраткері М.Төлебаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ операсының сазгері» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Шараның мақсаты: сазгердің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру, қазақ операсының мұрасын насихаттау. Шара барысында кітапханашы Рысмаганбетова Б.К. сазгердің өмірбаяны мен Мұқан Төлебаевтың қысқа өмірінде жазып қалдырған жүзден аса музыкалық шығармалары жайлы мағлұмат берді. ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің асқан жетістігі және сазгер шығармашылығының биік шыңы болған «Біржан – Сара» операсы жөнінде әңгімеленді. М.Төлебаевтың шығармашылығы толыққанды идеясымен, көркемдігімен, ұлттық нақыштарымен және ерекше стилімен таныстырылды. Шара соңында «Ғасыр әуені» кітап көрмесі не шолу жасалды.

20180206 123400 minP1200224 min 

Яндекс.Метрика