17 қаңтар күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында Құрманғазы Сағырбайұлының  туғанына 195 жыл толуына орай «Күй  тәңірдің  күбірі» музыкалық   сағат  өткізілді. Мақсаты: Ұлы күйшінің өмірбаянымен және күйлерінің шығу тарихымен таныстыру,  күйлерді тыңдату арқылы балалардың күй өнерін түсінуін, қызығушылығын арттыру.  Кешке №30 ЖББОМ 3 сынып  оқушылары қатысты. Музыкалық шара «Балбырауын»  күйімен ашылып, Құрманғазы Сағырбайұлының  өмірбаянымен таныстырылды. Жетписбаев Адай,Саркисова Аделя, Жаксыбаева Әлия, Қазбек Айдын атты оқушылар  күйшінің  «Адай», «Кісен ашқан», «Аман бол шешем, аман бол», т.б. күйлерін  орындады. Кештің қорытындысында қазақтың ежелгі музыкалық өнері туралы әдеби викторина өткізілді.

ФилҰ2юн Курмангазы 1 min2ю

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика