№4 кітапхана-филиалында №12 ЖББОМ оқушылары үшін М.Хамзиннің  туғанына 90 жыл толуына арналған «Домбыраны әуелеткен тұлға» атты медиатаныстырылым өтті. Мақсаты: әйгілі сазгер, Қазақстанның Халық әртісі, Балхаш қаласының құрметті азаматы, домбыраны әлемге танытқан қазақтың мақтанышы  М.Хамзиннің өмірбаянымен таныстыру. Шара барысында «Күй құдіреті», «М.Хамзиннің шыңы» атты бейнероликтер көрсетілді және оқушылар Мағауия Хамзинге арналған өлеңдер оқып, «Туған жер толғауы», «Белгісіз солдат», «Жайлауда» атты күйлерді тыңдады. М.Хамзиннің Қазақстанның мәдениетіне қосылған мол шығармашылық мұрасын сақтап, жалғастыратын таланттар туралы әңгімеленді.

фото1



Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика