14 желтоқсан күні №15 балалар кітапхана-филиалының оқу залында ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай №86 ЖББОМ 4 «а» сынып оқушылары үшін «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты тарих сағаты өтті. Мақсаты: балаларды Республикамыздың Тәуелсіздік алу тарихымен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілік, өз елінің болашағы үшін жауапкершілік, туған жерін қорғауға дайын болу сияқты патриоттық сезімдерін қалыптастыру.  Шара барысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтер берілді, «Тарих білгірлері» тақырыбында викторина өткізілді. Викторинада балаларға еліміздің Тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдерінен сұрақтар қойылып, слайдпен және «Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи кезеңдері» атты бейнероликпен сүйемелденіп отырды. Шараға «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты кітап көрмесі безендірілді. Барлығы 23 адам қатысты.  

115215

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика