31қазан күні №27 кітапхана-филиалдың кітапханашылары  «Элси» ЖШС мекемесінде «Қазақстанның болашағы – латын әліпбиінде» тақырыбына пікірлер қиылысы шарасын өткізді.  Шараның мақсаты: қазақ тілінің кириллицадан латын жазуына көшуі жөнінде түсіндіру және латын әрпімен жазу үлгісімен таныстыру. Шара барысында №27 филиалдың меңгерушісі Чистякова Т.В. және кітапханашы Масурова Л. қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің қажеттіліктері мен себептері, артықшылықтары туралы әңгімеледі. Шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  Жарлығымен (Астана, Ақорда,  2017 жыл 26 қазан) бекітілген жаңа әліпбимен таныстырылды. Қатысушылардың назарына «Қазақ әліпбиі латын жазуымен» атты слайд-презентация көрсетілді, «Ана тілім – бабам тілі» атты кітап көрмесінің әдебиеттері бойынша шолу жасалды. 

DSCN7375 minDSCN7383 min

ВИДЕОЛАРДЫ КӨРУ

 

 

 

Яндекс.Метрика

 

 

Яндекс.Метрика