27 қазан күні №16 кітапхана-филиалының әдеби қонақжайында оқырмандарға «Ұлт болашағы және латын әрпі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеру, тіл болашағын қамтамасыз ету. Іс-шараның модераторы №16 кітапхана-филиалының Н.Г.Фирсова болашақта іске асырылатын қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бастамасының отандық мәдениеттің дамуына зор әсері бар екендігі, Қазақстанның әлемдік тіл мен ғылым кеңістігіне еркін кіруіне ықпал ететіні, сондай-ақ, еліміздің әлемдік экономикаға интеграциялануы үшін маңыздылығы жөнінде ақпарат берді. Шараға «Латын әліпбиіне көшудің терең тарихи логикасы бар» атты мультимедиялық презентация, «Әлем тілдері», «Латын әліпбиіне көшсек өміріміз қалай өзгереді» атты бейнероликтер ұсынылды. 

16 . . min16 27.10.2017 min16 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика