18 қазан күні №1 жасөспірімдер кітапхана-филиалы  №34 ЖББ негізгі мектебімен бірлескен  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кездесу кешін өткізді. Шараның мақсаты: оқушыларды жерлес ақындарымыздың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, әдеби шығармалар арқылы жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру, адамгершілік қасиеттерге баулу. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ұсынылған жастарға үлгі болатын және заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы жөнінде мағлұмат берді. Әдеби кешке арнайы шақырылған қонақтар, жас ұрпақ үлгі тұтатын аға буын өкілдері: Төкен Әлжантегі, Сәбит Бексейіт, Абзал Бөкен қатысты. Ақын-жазушылар жас ұрпаққа жылы лебіздерін айтып, өлеңдерін оқып берді. Кеш барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Кеш соңында Абзал Бөкен өзінің кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартып, қолжазбасын қалдырды.

DSC 0012DSC 0037DSC 0019DSC 0093

 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика