9 ақпанда М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауғанстан: уақыт бізді таңдады» атты кездесу кеші өтті. Іс шараның мақсаты: жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын және ауған соғысының ардагерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, интернационалист-жауынгерлермен таныстыру.

Кешке «Ардагер» Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің мүшелері және № 52 орта мектеп оқушылары қатысты. Кештің жүргізушілері ауған соғысының ардагерлерін құттықтап, Ауғанстан соғысының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Кешке қатысқан «Ардагер» Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хасенов Талгат Болатович пен жауынгер-интернационалист Жуматаев Айтбай Мухтамедович жас ұрпаққа өздері қатысқан соғыс даласындағы шайқастар, қаза болғандар мен жараланған майдандас достары туралы естеліктерді және интернационалдық парыздарын қалай адал атқарғаны жөнінде әңгімеледі. Ауған соғысының тарихынан оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді, және қарағандылық интернационалист-жауынгерлердің бейбіт өмірдегі тағдырлары туралы ақпарат алды. Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне ҚарМУ студенті Е.Хавкейдің, №52 мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Раушан Мұратқызының орындауында әндер шырқалды, мектеп оқушылары өлеңдер оқыды. Шараға қатысушылардың назарына «Ауғанстан – өмірлік естеліктер» атты кітап көрмесіндегі Ауғанстанда өткен соғыс туралы материалдар мен әдебиеттер ұсынылды. Шараға 40 адам қатысты.

DSC 0434 minDSC 0436 minDSC 0455 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика