26 қаңтар  күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасының өлкетану бөлімінде Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлы ерлік өшпес - өнеге» атты  кітапханалық  квилт кездесу кеші  өтті.

 Мақсаты: Болашақ ұрпақтың  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  жерлес ата-бабаларымыздың асқан ерліктері мен қажымас еңбектерін жас ұрпаққа үлгі ету,  өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру. 

 Іс шараға М.Мамыраев атындағы әскери - техникалық мектебінің мұғалімі Е.Ж.Абенов, Кеңес  Одағының батыры М.Мамыраевтың қызы Клара Мартбекқызы Мамраева, әріптес досы А.Б.Молдабаев, «6505 әскери бөлімнің  сарбаздары  мен №2 ші музыка мектебінің мұғалімі Ж.Е.Ахметов қатысты. Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен бейбіт өміріндегі  еліне сіңірген еңбектері жайлы ақпарат берілді. Музыкант ұстаз Ж.Е.Ахметов «Жас қазақ», «Үш арыс» әндерін шырқады. Қорытындысында кітап көрмесіне шолу жасалды.                                     

ВИДЕОЛАРДЫ КӨРУ

DSC 0308 min DSC0204 min DSC0213 minUntitled 1

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика