13 қазан күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – бейбітшілік бастауы» атты әдеби-поэзиялық кеш өткізілді. Шараның мақсаты: студент жастарды «рухани келісім» ұғымымен таныстыру, ұлтаралық достастық сезімін қалыптастыру. Шараға «Кәусар» өнер мектебінің және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің талантты студенттері қатысты. Қарағанды медициналық колледжінің студенттері шақырылды. Шара барысында әндер шырқалып, өнер мектебінің ақын жастары өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Шараға тақырыптық кітап көрмесі безендірілді.

    ruhani7ruhani6ruhani5ruhani4

                              ruhani3ruhani1ruhani2

 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика