14 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар арасында «Тәуелсіздіктің онжылдықтарынан - Нұрлы Болашаққа» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді. Шараның мақсаты: жастардың өз мемлекетінің тарихына қызығушылығын ояту, Қазақстанның Тәуелсіздігінің тарихы туралы білімдерін кеңейту, патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу. Шараға Қарағанды қ. Жастар ресурстық орталығы шақырылды. Шара барысында үш колледждің: медициналық «Авиценна», лингвистикалық «Лингва» политехникалық «Алаш ұрпақтары» командалары Қазақстанн Тәуелсіздігінің онжылдықтарының тарихынан, саяси-мәдени өмірінен білімділіктерін жарыстырып, сынға  түсті. Шара зияткерлік ойындардың әртүрлі заманауи әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, сайыс түрінде ұйымдастырылады. Ойын 5 айналыммен ұйымдастырылды және «сұрақ-жауап», интерактивтік ойындар,  капитандар сайысы мен «үй тапсырмасы» түрлерінде өтті. Қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жақсы білетіндіктерін көрсеттіүй тапсырмасына жақсы дайындықпен келіп, Қазақстанның жарқын болашағы туралы көзқарастарын ортаға салды және өз пікірлерін слайд арқылы қорғады. Медицининалық колледждің «Авиценна» командасы жеңімпаз атанды.

DSC 0227 minDSC 0235 minDSC 0247 minDSC 0251 minDSC 0252 minDSC 0254 minDSC 0260 minDSC 0265 minDSC 0296 min

Яндекс.Метрика




Яндекс.Метрика