«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ

Ақпарат

 2021 жылы 15 сәуір күні «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Парасат жолы» жобасы аясында қазақ поэзиясына жаңа леп, ерекше серпін ала келген дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына байланысты «Қасым Аманжолов - қазақтың ұлы ақыны» атты «ZOOM» платформасында кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде Республикалық «Қасым» әдеби-танымдық журналының бас редакторы, ақын, жазушы Серік Сағынтай мен академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы Нұртас Смағұлов қатысып, Республикалық «Қасым» әдеби-танымдық журналының шығу тарихы жайында сөз қозғалып, Қасым Аманжоловтың өмір жолы жайында айтылды. Мақсаты: оқырмандарға ақын шығармашылығымен, өмірбаянымен, азаматтық тұлғасымен таныстыру, поэзияны сүюге үйрету, оның құдіретін сезіндіру, адалдыққа, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  IMG 7815  IMG 7824  IMG 7798  

Яндекс.Метрика