2021 жылы 5 ақпан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай  Мұқағали танушы ақынның ұлы Мұқағалиұлы Жұлдыз және келіні Айдарова Бақытгүл Қыдырбаевнаның қатысуымен «Қазақ поэзиясының ХанТәңірі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны кітапхананың өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айткүл Толеуханова М.Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып өтті. Шара барысында Алматы қаласынан онлайн қосылған ақынның ұлы  Мұқағалиұлы Жұлдыз және келіні Бақытгүл Қыдырбаевна  әкелері жайында өзінің естеліктерімен бөлісті. Келген қонақтар ақынның лирикалық шығармаларын суреттеп, жыр-маржандарын тарту етті. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер шырқалды. Кеш соңында кітапхана қызметкері «Әлі талай жыр болып жазыларсың» атты кітап көрмесіне шолу жасап өтті.

001  002  003  004  005  006  007  008  009  010  011  

Яндекс.Метрика