«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

өткізген мәдени шара туралы ақпарат

     21 ақпанда №4 кітапхана-филиалында «Ұлт рухы және дәуір нышаны»  атты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай тарихи дилижанс өткізілді. Іс шара барысында №137 мектептің тарих пәнінің оқытушысы Қ.Макажанов Қазыбек бидің өмірбаяны мен шешендік жолы туралы жастарға мол мағлұмат берді. Кітапхана қызметкерлері Қазыбек би туралы жазылған құжаттармен таныстырып, бейне слайдтар көрсетіп,  Қазыбек бидің нақыл сөздерімен шешендік өнері жайлы ой қозғады.

IMG 20200221 WA0029   IMG 20200221 WA0046

     Өскелең ұрпаққа туған қаласының көрікті жерлерінтаныстыра отырып, отаншылдық сезімін ояту, балаларды кітапханаға тарту, әдебиеттерді насихаттау мақсатында  №23 кітапхана филиалында  «Менің қалам менің тағдырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге №12 мектебінің екінші сынып оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері келген оқушылраға жалпы кітапхананы таныстыра келе көрмеге тоқталып, қаламыздың көрікті жерлеріне байланысты кітаптарды, мәліметтерді таныстыра кетті.

IMG 20200221 WA0023   IMG 20200221 WA0033

Яндекс.Метрика