М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Президент күніне арналған іс-шаралар туралы

ақпарат

28 қараша күні М. О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Елбасының тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюындағы тарихи рөлін ашу, патриоттық сезімді, ерлікті, халық пен жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» атты іс-шара өтті.

Назарбаев оқуларына мұғалім, педагогика ісінің еңбек ардагері А. Ж. Елтай, Қарағанды облысының ардагерлер кеңесінің мүшесі Қ. А. Көрікбаев, зейнеткер Т. Ахметбеков, экономист, зейнеткер Б.К.Шегенова және «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары шақырылды.

Шақырылған қонақтар Елбасының елдің дамуына қосқан үлесі туралы айтып, мектеп оқушылары Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінен үзінділер оқыды. Кітапхана қызметкерлері Елбасының өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрсетіп, кітап көрмесіне шолу жасады.

 DSC0184    DSC0191    DSC0194    DSC0200    DSC0204

Яндекс.Метрика