«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

КММ өткізген мәдени шаралар ақпараты

       2019 жылы 11 қазан күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловқа арналған арнау сағаты  ұйымдастырды.

IMG 20191011 WA0025

       2019 жылы 11 қазан күні  №15 кітапхана-филиалында «Латын әліпбиінде: жарқын болашақтың қайнары" ақпараттық сағат өткізілді.  Мақсаты: қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау және нақтылау, қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп көшуін кеңінен насихаттау.  Кітапхана қызметкерлері қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы туралы айтты. Кітапхана оқырмандары үшін жаңа әліпби ұсынылған кітап көрмесі, сондай-ақ Республикалық және аймақтық басылымдардың  көрсетілетін мақалалары ұсынылды.

20191011 123328      20191011 102642

       2019 жылы 11 қазанда күні  №11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалында «Кітапхананың қарапайым элементтері» сабағы бастауыш сынып оқушыларына арналған кітапханалық сабақ «Кітапхананың Әліппесі» электрондық жолсілтемесі бойынша саяхатпен басталды, ол балаларға кітапхана дегеніміз не, оның мақсаты мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.

20191010 135452   20191010 140240   20191010 140824

       2019 жылы 11 қазан күні №15 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалдында № 86 мектептің 9-сынып оқушыларына арналған, адамның қадір-қасиеті мен жеке басын құрметтейтін басқа мәдениеттердің түсінігін қабылдауға дайын азаматтарды тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық діндердегі рухани құндылықтар» атты қайырымдылық сағаты өткізілді. Кітапхана қызметкері біздің елімізде ғасырлар бойы достық пен келісімде өмір сүріп келген түрлі діндер туралы айтты.

20191011 122801   20191011 103231

Яндекс.Метрика