«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  өткізген мәдени шаралар ақпараты

     19 қыркүйек күні № 16кітапхана-филиалында Пришахтинск қаласының тұрғындары мен «Балдырған» балабақшасы қызметкерлеріне арналған «Міндетті медициналық сақтандыру» ақпараттық-талдау сағаты өтті. Іс-шараның басында Қазақстан Республикасы Президентінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін қорытындылаған бейнероликтің үзіндісі көрсетілді.

     ОМО басшысы     Калиева Е.Н  жиналғандарға медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің және медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа моделін енгізу туралы айтты. Шараның қатысушыларымаманға сұрақтар қойып, толық жауаптарын алды.

     Медицина қызметкері барлығына Қазақстандағы медициналық сақтандыру туралы ақпараты бар қазақ және орыс тілдеріндегі түрлі-түсті парақшаларды таратты.

19.09.1   19.09

     19 қыркүйек күні №16 кітапхана-филиалында «Абай және бүкіл әлем!» атты әдеби-поэтикалық кеш өтті, шараға №18 орта мектептің  8 сынып оқушылары қатысты.

     Шара барысында филиал қызметкерлері дайындаған «Абай және бүкіл әлем!» мультимедиялық презентациясы көрсетілді. Оқушылар Абайдың  «Қара сөздері» әдеби ойынына қатысты. Олар ақынның даналық қоржынынан алынған сөздерін алып,  қарапайым мысалдарды талдады. Оқушыларға жақсылық пен жамандықтың, жомарттық пен сараңдықтың, ағартушылық пен надандықтың айырмашылығын жеткізуге тырысқан ақынның сөздерін балалар қызығушылықпен қабылдады. Сонымен қатар, шара барысында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетілді.

     Іс-шараның екінші бөлімі кітап конкурсының өзіндік түрі - «Book Slam» конкурсы түрінде өтті. Іс-шараға қатысушылар жыл мезгілдері туралы өлеңдер оқыды. Сондай-ақ Абайдың ұлы шығармасынан «Қара сөздері» 32 және 38-сөздерінен  оқырмандар үзінділер оқыды.

     «Тағдыр – роман тәрізді, роман тағдыр тәрізді» атты кітап көрмесінен  ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды.

19.09.2019   19.09   19

Яндекс.Метрика