«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өткізген мәдени іс-шаралар ақпараты

     2019 жылы 18 қыркүйекте №16 кітапхана-филиалында Пришахтинск тұрғындары мен кітапхана оқырмандарымен қалалық ақпараттық топ мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМК директорының орынбасары Л. Сприндис, «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» КМК бас медбикесі Р.М.Аубакирова, «Гиппократ» клиникасының бас дәрігері С.А.Пак, Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету филиалының меңгерушісі Э.Т.Токенова қатысты. Іс -шараның мақсаты қатысушыларды ҚР Президенті К.Ж.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы пен өркендуінің негізі» атты Жолдауымен таныстыру, жолдауда айтылған МӘМС-мен таныстыру болды.

     Іс-шара басында Қазақстан Республикасы Президентінің бейне-сөйлеген сөзінен үзінді көрсетілді, онда Жолдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері қысқаша баяндалды. Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары өз ойларын ортаға салып, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын қолдады. Тыңдаушылардың назарына «Қазақстан – бейбітшілік пен бірлік елі» атты презентация ұсынылды.

     Іс-шараның екінші бөлімінде тері-венерологиялық диспансердің және «Гиппократ» клиникасының қызметкерлері ҚР Президентінің жолдауы аясында ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілгендігі туралы презентациялар ұсынып, енгізу жолдары туралы айтып берді. Шағын аудан тұрғындары мен кітапхана оқырмандары өздерін ойландырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ медицина мекемелерінің қызметкерлері барлық қатысушыларға Қазақстанда медициналық сақтандыру туралы ақпараты бар қазақ және орыс тілдерінде түрлі-түсті парақшалар таратты. Іс-шараға «Сау болғың келе ме?" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде оқырмандарға 32 басылым ұсынылды.

Послание Президента   медицинское страхование   обсуждаем Послание Президента 18.09. 2019

Яндекс.Метрика