Құрметті қарағандылық жыр сүйер қауым сіздердің назарларыңызға М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада, Н.Назарбаев даңғ, 45 үй мекенжайы бойынша, 11 қазан күні сағ: 10/00-де өтетін айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, ҚР - ның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет орденінің" иегері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Аманжол Әлтаевтың "Тұлпар мінезді қазақтың баласымын" атты байқауға қатысуға шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.
Ережемен танысып өз бақтарыңызды сынап көріңіздер.

Обложка А.Алтай

ереже 0003

ереже 0004

Құрметті қарағандылық жыр сүйер қауым, сіздерді айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтің өлеңдері бойынша "Тұлпар мінезді қазақтың баласымын" атты байқауға қатысуға шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.

WhatsApp Image 2022 03 25 at 14.37.28

82ca6e20cf141348bf9e283c173c8cd0 1

82ca6e20cf141348bf9e283c173c8cd0 2

82ca6e20cf141348bf9e283c173c8cd0 3

«Родничок» экологиялы0 клубы №1 балаларға қызмет көрсету филиалында құрылды.

Кітапханамызда экологиялық бағыттағы «Родничок»  клубы -  жұмыс жасайды./3-5 сыныптар, 16 оқырман./

Клубтың басты мақсаты  -  экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Бұл яғни табиғатқа, жан – жануарларға, өсімдіктерге.

Осы клубқа қатысты арнайы жоспарлар дайындалған болатын. Клубтың альбомы дайындалып, кездесулер, іс  - шаралардың хаттамалары сақталады. Жарты  жыл ішінде  отырыс өткізген болатынбыз. Бұл жұмысымызда  әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамыз - әңгімелер, сайыстар, көрме-шоу және т.б. Біз сондай-ақ шығармашылық сабақтарын да өткіземіз, онда көп мәселеге, яғни табиғатпен байланысты мәселелер жүргізіледі. Клуб бос уақытымызды өткізе алатын, шығармашылылық жұмыстарымызды атқара алатын жақсы бір жерге айналғандай.

 

«Родничок» экологиялық клубы ішінде батарейкаларды жинап, жою үшін іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: Батарейкалардың табиғатқа тигізер зияны туралы , оларды жеке жинап жою керектігі жайында, адам денсаулығына, тіпті, өміріне қаншалықты қауіп тигізері жөнінде мәлімет алу. Оқушыларды табиғатты аялауға, қадірлеп сақтауға атсалысуға тәрбиелеу.

Қарағанды қаласындағы экологиялық музейдің маманы Тюрющева Мария ханым кітапханаға келіп, оқушыларға табиғат, экология, қоқыстарды сұрыптау, батарейлердің қауіптілігі жайында ақпаратпен бөлісті.  Іс-шараға №16ЖББОМнің 5 сынып оқушылары ұстаздары Экажева В.В. қатысты.

001  002  003  004  005

Келесі іс-шараны Экологиялық музейдің тағы бір маманы Андрейчук Анна ханым №16 ЖББОМнің 5 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Георгиевская А.А. қатысуымен өткізді.

006  007  008

009  010  

Кітап бойынша квест — ойын.
Д. Мәзен Ж. К. Роулин "Гарри Поттер мен жасырын бөлме"

Квест – ойынға қатысушылар алдымен кітабын оқып, фильмін көріп алған еді. Қаншалықты қиын тапсырмалар болғанымен оқырмандарымыз бұл тапсырмалардан сүрінбестен өтті.  Алғашқы тапсырма сандықтың кілтін  табу болса, келесілері викториналарға жауап іздеу мен кроссворд шешу болды. Ойын соңында жасырылған қазынаны тауып, көтеріңкі көңіл – күймен тарқасты.

011  012  013  014  015  016  017

«Ашық есік күні» акциясы

Мақсаты: кітапхана жайында жақсы пікір қалыптастыру, жаңа оқырмандар тарту, балаларды кітап оқуға дағдыландыру.

 Біздің кітапханамызда 26 қараша күні "Балалар әдебиеті жылы" аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұйымдастырылуымен фестиваль өткізілді.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы фестивальді салтанатты ашылуымен бастап берді.
Кітапханамыздағы іс-шараны №16 ЖББОМтің 4сынып оқушыларының қатысуымен "Зеріктірмес дана ғылымдар" атты көрмемен таныстырудан бастап кеттік.
"Ғылым мен техника ғажайыптары" атты білім сағатын өткізілді.
"Анықтамалықтармен танысу және оқу" күні өте қызықты өтті. Оқырмандардың қызығушылығы өте жоғары болды. Көптеген сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.
"Қарапайым заттардың пайда болу тарихы" атты көрмегі әр нәрсенің шығу тарихы балаларды қатты таңғалдырды. Өздері сияқты балалардың ойлап тапқан жаңалықтарына тәнті болды.
"Жер атты үлкен қоқыс" атты экологиялық танымдық сағаты өткізілді. Қоқыстың табиғатқа әкелер зияны, оны сұрыптау жайлы мағлұмат берілді.
"Кітапханадағы легоқұрастыру" қызықты ұйымдастырылды. Балалар түрлі жаңадан ғимараттар құрастырып жарысты.
Шара соңында фестивальге қатысқан оқырмандарымызға алғысымызды білдіріп, қимастықпен қоштастық.

 018  019  020  021  022  023  024  025

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 2022 жыл "Балалар жылы" деп жариялануына және М.О.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай "Қорғансыздың күні" әңгімесі мен "Қараш-қараш" повесіне талдау жасап, эссе жазу байқауына шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.

WhatsApp Image 2022 03 25 at 12.24.46

WhatsApp Image 2022 03 25 at 12.24.24

WhatsApp Image 2022 03 25 at 12.24.25

WhatsApp Image 2022 03 25 at 12.24.25 1

№11 кітапхана-филиалында «Жас қалам» жастар шығармашылық клубы ашылды.

   «Жас қалам» клубының басты мақсаты – кітапхана оқырмандары арасынан шығармашылыққа (өлең, әңгіме, эссе және басқа да әдеби шығармалар жазуға) бейім жастардың басын біріктіре отырып белгілі ақын-жазушылармен кездесулер, әдеби-сазды кештер өткізу арқылы шығармашылық орта қалыптастыру. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жас қаламгерлердің туындыларын жариялауға ықпал ету.

   2021 жылы 9 ақпанында, кітапхана жанынан «Жас қалам» шығармашылық клубы құрылған болатын.

   Клубтың мүшелері –   Ә.Серікбол, А.Жанайдар, Т.Е.Камиспаев, Қ.Толқынбек, Ш.Ағымбаев, С.Абдиева, А.Қанатқызы т.б.

  Клуб мүшелері кітапханада өткізілетін барлық әдеби шараларға ат салысып келеді. Аталмыш клубтың мұрындық болуымен кітапханада көптеген әдеби шаралар өткізіледі. Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған ақтаңгер жазушылар мен аймаңдай ақындардың мерейтойларын атап өту, жергілікті қаламгерлердің жарық көрген кітаптарының тұсаукесер рәсімдерін өткізу, әртүрлі тақырыптық сайыстар мен мерекелік кештер – мұның барлығы «Жас қалам» дәстүрлі түрде ұйымдастыратын іс-шараларының қатарында.

 

   «Жас қалам» шығармашылық клубының 2021 жылға арналған

жұмыс жоспары

 

Ақпан

«Өлең сөздің даңылы – Жамбыл ата»

(Ақын Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына  орай әдеби кеш)

«Мәңгілік жыр ғұмыр»

(Ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай поэзия кеші)

 

Наурыз

«Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы»

(22 наурыз - Наурыз мерекесіне арналған фольклор сағаты)

 

Сәуір

15 сәуір - Қозы Көрпеш  пен Баян сұлу күні

(Ағымбаев Шахимардан ақын Саят Әбеновтың «Ғашық болғым келмейді» өлеңі )

 

Мамыр

 Толымбек Қазбек« Мен елімнің патриотымын» Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық челенджіне қатысты

 

«Ерліктің шынары, ұрпақтың жыр әні»

/Ұлы Жеңіс күніне арналған ерлік сағаты)

 

Маусым

«Ей, тәкәппар, дүние! Маған да бір қарашы»

(Қазақ поэзиясының алыбы Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай жыр мүшайрасына Әсемгүл Серікбол қатысты)

 

Қыркүйек

«Тіл – бірліктің құдіреті»

(ҚР Тілдер күніне арналған әдеби композиция)

 

Қазан

«Тұрарсың ғасырлармен қатар, Қасым!»

(Қ.Аманжолов -110 жыл поэзия кеші)

 

Желтоқсан

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері ақын Асан Мирас Болатұлы

мен Байбұланова Жадыра  Төкенқызының шығармашылығына арналған

«Егіз лебіз» атты қалалық байқауға Е.Бөкетов ат.ҚАРУ филология

факультетінің 1 курс студенті, кітапханамыздың оқырманы

Камиспаев Тилеужан Ерканатұлы қатысты

 

«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»

(ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тарихи кеш)

 

 

Ішкі категориялар

Яндекс.Метрика