«ЖАЛЫН ZHAS.STAR» 

 №1  жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалы

Өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру барысында кітаптың атқарар рөлі зор. Кітап оқу адамның дүние танымын қалыптастырып, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіртіп, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлғаны қалыптастырады.

Клубтың ұраны: «Жас мұраты, білім, тәлім-талабы... Өнер, оқу-жастықтың қару жарағы».

Клубтың мақсаты: Қазақстандық жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеп, жастар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Жастардың зияткерлік танымын арттырып, қоршаған ортаны кітап арқылы ұғындыру.

Клубтың міндеті: Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеп, рухани, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру. Бозбала мен бойжеткендерді кітап оқуға тартып, зияткерлік танымын арттырып, қоршаған ортаны кітап арқылы ұғындыру.

Клуб Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназия оқушылары үшін ұйымдастырылды. Қатысқысы келетін барлық жоғарғы сынып оқушылары клубқа мүше бола алады.

18

Клубпен жұмыс жасау барысында тек адамгершілік қасиеттерге ғана көңіл бөлінбейді. Сонымен қатар, кәсіптік кеңес пен бейімделу де бағдарламада үлкен орын алады. Барлық іс-шараның негізгі мақсаты кітаптарды насихаттау болып табылады. Жастармен жаппай жұмыс жасау барысында кітапханашылар қалыптасқан және дәстүрлі емес, бірақ жаңартылған жұмыс формаларын; әңгіме-слайд, библиографиялық шағын пішіндер, тізімдер, бетбелгілерді, буклеттерді пайдаланылады. Клуб аясында: «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» /ҚР Президентінің жолдауы/, «Ананың алдында асқар тауда аласа» /8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, «Қазіргі қоғам жемқорлыққа қарсы», «Жастайыңнан заңды біл» /Құқықтық оқу/, «Махаббат дастаны» /Қозы Көрпеш -Баян сұлу күні, флешмоб «ЭКСПО - 2017:  Еуропа мен Азияның арасындағы көпір», Интернет-флешмоб «Манекен челлендж» кітапханада «Қоғамдағы кітапхананың рөлі» шаралары өтті.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай  № 7 гимназияда  «Жалын.Zhas STAR» клубының күшімен, қатысушылар үшін  «Ананың алдында асқар тауда аласа»  атты театрланған қойылым көрсетіліп, «СОҚЫР АНА» пьесасы сахналанды.

1 8 11 8 2

Бұл пьеса көрермендердің жанын тебірентіп, көз жастарына ерік бергізіп, аналарын естеріне түсірді. Пьесаның қысқаша мазмұны Арман атты баланың ата-анасымен көлікте келе жатып, апатқа ұшырап, салдарынан көздері су соқыр болып, көрмей қалады. Анасы ұлына өз көздерін беруді шешеді, сөйтіп өзі мүгедек болып қалады. «Жалын.Zhas STAR» клубының мүшесі Сәулехан Кәусәрия басты рөл Арманның анасының рөлін шынайы сомдағаны сонша, залдағы көрермендер онымен бірге жылап, бірге азап шекті. Ал ұлы болса анасының өзі үшін соқыр болғанын білмей, одан қашқақтап, ұялатын еді. Анасының қартайған шағын клуб жетекшісі, кітапханашы А.Ж.Ысқақова ойнады. Ол өз рөлінде өзінен қанша теріс айналсада ештеңеге қарамастан ұлын жақсы көрген, ол үшін Алладан кешіруін тілеп дұға еткен ананың балаға деген махаббатын көрсетті. Арманның есейген шағын «Жалын.Zhas STAR» клубының мүшесі Ахан Нұрлан сомдап, көрермендердің ықыласына бөленіп, пьесаның идеясы аналарды құрметтей білу керек екендігін жеткізе білді. Ана-ол әрбір адамның өміріндегі басты жан, ол адамға өмір сыйлап, ал оның сүйіспеншілігі адам өміріне бағыт-бағдар болады.

ҚР Президентінің жолдауы.

1 min

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жастармен кездесу. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты №7 гимназияның жоғарғы сынып оқушылары үшін ақпараттық сағат өтті. Кітапханашы  «Бұл жаңғыру - болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын, «100 нақты қадам» базасында өткізілетіндігіне» тоқталып өтті.

Халықаралық  ЭКСПО-2017 көрмесі

1 2 min1 1 min

1 3 min

Астанадағы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы мақсатында, 2017 жылдың 27 сәуірінде сағ.15.00де Жаңа Майқұдық МҮ мен № 1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалы аумағында, Жаңа Майқұдық МҮ директорының қолдауымен, Қарағанды индустриалды-технологиялық колледж студенттері мен Ж.Жабаев атындағы мектеп интернатының оқушылары «ЭКСПО - 2017:  Еуропа мен Азияның  арасындағы көпір» атты флэшмоб ұйымдастырды. Студенттер мен оқушылар «П» әріпі мен «жүрек» пішінін көрсетіп, ал «Жалын Zhas STAR» клубының мүшелері  Астанадағы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау мақсатында ырғақты би биледі. Шара соңында естелік суреттерге түсіп, шараға қатысушылар аспанға шар ұшырды.  Мерекелік шараға қатысушылардың бәрі Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін қолдайды.

 № 1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалы дарынды балаларға арналған №7 мектеп-интернатымен бірігіп, «Махаббат дастаны - Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атты ғашықтар күніне арналған сайыс ұйымдастырды. Сайысқа Октябрь шағын ауданының №68 , №53 , №54, №65, №76 мектебінің жоғарғы сынып оқушылары және «Жалын ZasSTAR» клубының мүшелері мен  № 7 мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Шараны жүргізуші – №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының кітапханашысы А.Ж.Ысқақова жиналғандармен амандасып, ғашықтар күнімен құттықтады.

1 21 1

Сайыс 4 турдан тұрды.

  1. «Екі жүрек»
  2. «Махаббат мәңгі ертегі» (эпостан сұрақтар қою)
  3. «Өмірлерінің соңына дейінгі сүйіспеншілік»
  4. «Баян – тазалық символы» қыздар сайысы

 Сайысты дарынды балаларға арналған № 7 мектеп-интернатының директоры К.Н.Ілімбаев, Қарағанды облыстық жастар ресурсы орталығының жас маманы А.К.Жазыбаев, №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалының кітапханашысы М.К.Саменова бастаған қазылар алқасы қатысушылардың өнерлерін бағалады. Байқау қатысушылары өз таланттарын көрсетіп: қойылымдар ойнап, өлең оқып, ән салып, би биледі. Бас жүлдені №7 мектеп-интернат оқушысы, «Жалын ZasSTAR» клубының мүшесі иемденді. № 68  және № 53 мектеп қатысушылары 1 орынды бөліп алып, № 76 және № 65 мектеп қатысушылары 2 орынды алып, дипломмен марапатталды, ал  №54 мектеп  3 орынды иемденді.

Интернет-флешмоб.

147

«Манекен челлендж»  кітапханадағы «Қазіргі замандағы кітапхананың рөлі» 24 ақпанда кітапхананың оқу залында «Жалын Zhas STAR» жасөспірімдер клубының мүшелері «Манекен челлендж» интернет-флэшмоб ұйымдастырды.

Құқық сабақтары

1 min

№1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалында «Жастайыңнан заңды біл» атты «Жалын Zhas STAR клубының мүшелері үшін ток-шоу өтті.  Бұл шараға Октябрь шағын ауданының, прокуратура бөлімінің басшысы Д.Бөлекбаев және № 65 орта мектептің әлеуметтік мұғалімі А.Т.Бекова арнайы шақыртылды. «Жалын Zhas STAR» клубының мүшесі, бетперде киген қыз – ата-анасын тыңдамайтын, дұрыс өмір салтын ұстамайтын, полиция бөлімшесінде тіркеуде тұрған бойжеткеннің рөлін сомдады. Клуб мүшелері қыздан: «неге ата-анасымен мұғалімдерін тыңдамайтындығы» - туралы сұрап көрді. Олар оның бос уақытын тиімді өткізу үшін клубтағы іс-шараларға қатысуға шақырды. Ток-шоуға қатысушылар  Октябрь шағын ауданының, прокуратура бөлімінің басшысы Д.Бөлекбаевқа: Жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту үшін не істеу керек? 14 пен 16 жас аралығында  қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылады? Кешкі сағат 11ден кейін жасөспірімді көшеден кездестірген жағдайда қандай жаза қолданылады? т.б.-деген сұрақтар қойды. № 65 орта мектептің ұстазы А.Т.Бекова да әңгімеге тартылды. «Қиын» балаларды қалай ажыратуға болады?  14 жасқа толмаған «қиын» балалармен қандай жұмыстар жүргізіледі? Жағдайы төмен отбасынан шыққан жасөспірімдерге қандай шаралар қабылданады?-деген сұрақтар балалардың қызушылығын тудырды. Біз мұндай кездесулер құқықтық тәрбиемен, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау үшін маңызы зор деп ойлаймыз, және осы бағытта жұмыстар атқарамыз.

 Көктем мерекесі Наурыз. Құлпырған Наурыз мерекесінің келуіне орай, №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету филиалында «Ұмытылған заттар тарихы: кигіз үй, астау, шапан...» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Кешке кітапханамыздың тұрақты оқырманы Тұтанов Төлеухан мен Мырзағалиева Гауһар шақыртылды. «Жалын Zhas STAR» клубының жетекшісі, кітапханашы А.Ж.Ысқакова  қадірлі қонаққа еттің қандай мүшелері тартылатындығын айтып өтті. Сонымен қатар қатысушылар Наурыз көже қандай тағамдардан әзірленетінін біліп, дәстүрлі тағам Наурыз көжеден дәм татты.

1 11 2

Гаухар апай оқырмандарға «Ұзынсары», «Қабақ сындыру» және басқа да рәсімдер туралы айтып берді. Мерекелік шара барысында балалар ұмытылған заттар тарихы: кигіз үй, астау, шапан т.б. туралы білді. Бұл шараға қазақ рәсімдері мен дәстүріне қызығушылық танытатын, шетелдік қонақта қатысты. Шараны кітапханашы М.К.Саменова «Жарқыра, жайна Наурыз» атты кітаптар көрмесімен және 180 кітаптан құралған  «Кигіз үй» көрмесімен жалғастырды. Көрермендердің сұрауы бойынша Төлеухан ата домбырамен Наурыз туралы ән шырқады. Шетелдік қонағымыз қазақтың дәстүрлі тамағы; наурыз көже, құрт, бауырсақ, шелпек т.б. ауыз тиіп, ризашылығын білдірді. Дәстүрімізге сай қадірлі қонағымызға шапан жабылды. Ол қазақ халқының қонақжайлылығына тәнті болып, Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, Наурыз мерекесін бірге атап өтетіндігіне куә болды.