№29 кітапхана-филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ш.Ералиевтың өмірбаяны мен қызметі» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Шараның мақсаты: оқырмандарға отыз жыл өмір сүріп, халқына елеулі еңбек сіңірген тұлға Ш.Ералиевтің өмірбаяны мен қызмет жолын таныстыру, Құндызай Ерімбетованың «Тарих толқынындағы тағдыр. Шәбден Ералиев» атты кітабын насихаттау. Шара барысында оқырмандарға кеңес дәуірінің мемлекет және қоғам қайраткері, Адай округтік атқару кеңесінің төраға орынбасары қызметін атқарған Шәбден Ералиевтің өмірбаяны мен қызметі туралы ақпарат берілді. Ш.Ералиев еңбек жолын Сарысу ауданында ауылшаруашылығы саласында бастап, қоғамның қалыптасуына көп еңбек сіңірген қоғам қайраткерінің өмірбаяны жайлы тарих ғылымдарының кандидаты Құндызай Ерімбетованың «Тарих толқынындағы тағдыр. Шәбден Ералиев» атты кітабында кеңінен жазылған. Бұл кітап тарихшыларға, көпшілік оқырманға арналған. Шараға 15 адам қатысты.

Ш.Е. minЕралиев min 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика