22 ақпанда №11 кітапхана-филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жыл мерейтойына арналған «Алаштың асқақ айбыны» атты портреттік кеш өткізілді. Кешке Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің студенттері қатысты.

Мақсаты: қазақ халқы үшін «ұлттың рухани көсемі» атанған бірегей тұлға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, азаматтық болмысы мен қайраткерлік қызметі туралы оқырмандарға мағлұмат беру, оның құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Ұлттың ұлы ұстазының жан-жақты қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекет тарихында алатын орны тілге тиек етілді. Студент жастар А.Байтұрсынұлының «Маса», «Қырық мысалы», «Замандастарыма», «Шымшық пен көгершін», «Сары шымшық» өлеңдері мен ұлы адамдардың ақын жайлы айшықты ойлары оқыды. Іс-шара шеңберінде оқырмандар назарына слайд-презентация, кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Шараға барлығы 17 адам қатысты, 5 адам жазылды.

20180220 161552 min20180222 11325220180222 113439 120180222 11391420180222 114239 min

Яндекс.Метрика