25 қазанда  №8 кітапхана-филиалында «Алаш» деп ұран салған ақын» атты  поэзия кеші өткізілді. Шараның мақсаты: «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығының мазмұны мен мәнін ашып түсіндіру, кітап оқуға насихаттау.   

  Шара барысында «Бір ел - бір кітап» акциясы жайлы  қатысушыларды хабардар етті, кітапханашы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, «Алаш ұраны» атты өлеңінің мазмұнын ашып, мәнін түсіндірді. Кітапхананың аға буын оқырманы С.Мұқышов ақынның өмір жолдарын жастарға әңгімелеп берді. Кеш соңында оқырмандар назарына «Жыр сұлтан - Сұлтанмахмұт»   атты кітап көрмесі ұсынылды. Қатысқан 18 адам, 20 құжат ұсынылды, 6 кітап берілді.

P1190788 minP1190794 minP1190807 minP1190813 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика