Құрметті қарағандылық жыр сүйер қауым сіздердің назарларыңызға М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада, Н.Назарбаев даңғ, 45 үй мекенжайы бойынша, 11 қазан күні сағ: 10/00-де өтетін айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, ҚР - ның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет орденінің" иегері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Аманжол Әлтаевтың "Тұлпар мінезді қазақтың баласымын" атты байқауға қатысуға шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.
Ережемен танысып өз бақтарыңызды сынап көріңіздер.
Құрметті қарағандылық жыр сүйер қауым, сіздерді айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтің өлеңдері бойынша "Тұлпар мінезді қазақтың баласымын" атты байқауға қатысуға шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.
«Родничок» экологиялы0 клубы №1 балаларға қызмет көрсету филиалында құрылды.
Кітапханамызда экологиялық бағыттағы «Родничок» клубы - жұмыс жасайды./3-5 сыныптар, 16 оқырман./
Клубтың басты мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Бұл яғни табиғатқа, жан – жануарларға, өсімдіктерге.
Осы клубқа қатысты арнайы жоспарлар дайындалған болатын. Клубтың альбомы дайындалып, кездесулер, іс - шаралардың хаттамалары сақталады. Жарты жыл ішінде отырыс өткізген болатынбыз. Бұл жұмысымызда әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамыз - әңгімелер, сайыстар, көрме-шоу және т.б. Біз сондай-ақ шығармашылық сабақтарын да өткіземіз, онда көп мәселеге, яғни табиғатпен байланысты мәселелер жүргізіледі. Клуб бос уақытымызды өткізе алатын, шығармашылылық жұмыстарымызды атқара алатын жақсы бір жерге айналғандай.
«Родничок» экологиялық клубы ішінде батарейкаларды жинап, жою үшін іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Батарейкалардың табиғатқа тигізер зияны туралы , оларды жеке жинап жою керектігі жайында, адам денсаулығына, тіпті, өміріне қаншалықты қауіп тигізері жөнінде мәлімет алу. Оқушыларды табиғатты аялауға, қадірлеп сақтауға атсалысуға тәрбиелеу.
Қарағанды қаласындағы экологиялық музейдің маманы Тюрющева Мария ханым кітапханаға келіп, оқушыларға табиғат, экология, қоқыстарды сұрыптау, батарейлердің қауіптілігі жайында ақпаратпен бөлісті. Іс-шараға №16ЖББОМнің 5 сынып оқушылары ұстаздары Экажева В.В. қатысты.
Келесі іс-шараны Экологиялық музейдің тағы бір маманы Андрейчук Анна ханым №16 ЖББОМнің 5 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Георгиевская А.А. қатысуымен өткізді.
Кітап бойынша квест — ойын.
Д. Мәзен Ж. К. Роулин "Гарри Поттер мен жасырын бөлме"
Квест – ойынға қатысушылар алдымен кітабын оқып, фильмін көріп алған еді. Қаншалықты қиын тапсырмалар болғанымен оқырмандарымыз бұл тапсырмалардан сүрінбестен өтті. Алғашқы тапсырма сандықтың кілтін табу болса, келесілері викториналарға жауап іздеу мен кроссворд шешу болды. Ойын соңында жасырылған қазынаны тауып, көтеріңкі көңіл – күймен тарқасты.
«Ашық есік күні» акциясы
Мақсаты: кітапхана жайында жақсы пікір қалыптастыру, жаңа оқырмандар тарту, балаларды кітап оқуға дағдыландыру.
Біздің кітапханамызда 26 қараша күні "Балалар әдебиеті жылы" аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұйымдастырылуымен фестиваль өткізілді.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы фестивальді салтанатты ашылуымен бастап берді.
Кітапханамыздағы іс-шараны №16 ЖББОМтің 4сынып оқушыларының қатысуымен "Зеріктірмес дана ғылымдар" атты көрмемен таныстырудан бастап кеттік.
"Ғылым мен техника ғажайыптары" атты білім сағатын өткізілді.
"Анықтамалықтармен танысу және оқу" күні өте қызықты өтті. Оқырмандардың қызығушылығы өте жоғары болды. Көптеген сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.
"Қарапайым заттардың пайда болу тарихы" атты көрмегі әр нәрсенің шығу тарихы балаларды қатты таңғалдырды. Өздері сияқты балалардың ойлап тапқан жаңалықтарына тәнті болды.
"Жер атты үлкен қоқыс" атты экологиялық танымдық сағаты өткізілді. Қоқыстың табиғатқа әкелер зияны, оны сұрыптау жайлы мағлұмат берілді.
"Кітапханадағы легоқұрастыру" қызықты ұйымдастырылды. Балалар түрлі жаңадан ғимараттар құрастырып жарысты.
Шара соңында фестивальге қатысқан оқырмандарымызға алғысымызды білдіріп, қимастықпен қоштастық.
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді 2022 жыл "Балалар жылы" деп жариялануына және М.О.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай "Қорғансыздың күні" әңгімесі мен "Қараш-қараш" повесіне талдау жасап, эссе жазу байқауына шақырамыз. Осы электронды поштаға This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. өтінімдеріңізді жіберуге болады.
№11 кітапхана-филиалында «Жас қалам» жастар шығармашылық клубы ашылды.
«Жас қалам» клубының басты мақсаты – кітапхана оқырмандары арасынан шығармашылыққа (өлең, әңгіме, эссе және басқа да әдеби шығармалар жазуға) бейім жастардың басын біріктіре отырып белгілі ақын-жазушылармен кездесулер, әдеби-сазды кештер өткізу арқылы шығармашылық орта қалыптастыру. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жас қаламгерлердің туындыларын жариялауға ықпал ету.
2021 жылы 9 ақпанында, кітапхана жанынан «Жас қалам» шығармашылық клубы құрылған болатын.
Клубтың мүшелері – Ә.Серікбол, А.Жанайдар, Т.Е.Камиспаев, Қ.Толқынбек, Ш.Ағымбаев, С.Абдиева, А.Қанатқызы т.б.
Клуб мүшелері кітапханада өткізілетін барлық әдеби шараларға ат салысып келеді. Аталмыш клубтың мұрындық болуымен кітапханада көптеген әдеби шаралар өткізіледі. Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған ақтаңгер жазушылар мен аймаңдай ақындардың мерейтойларын атап өту, жергілікті қаламгерлердің жарық көрген кітаптарының тұсаукесер рәсімдерін өткізу, әртүрлі тақырыптық сайыстар мен мерекелік кештер – мұның барлығы «Жас қалам» дәстүрлі түрде ұйымдастыратын іс-шараларының қатарында.
«Жас қалам» шығармашылық клубының 2021 жылға арналған
жұмыс жоспары
Ақпан
«Өлең сөздің даңылы – Жамбыл ата»
(Ақын Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай әдеби кеш)
«Мәңгілік жыр ғұмыр»
(Ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай поэзия кеші)
Наурыз
«Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы»
(22 наурыз - Наурыз мерекесіне арналған фольклор сағаты)
Сәуір
15 сәуір - Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні
(Ағымбаев Шахимардан ақын Саят Әбеновтың «Ғашық болғым келмейді» өлеңі )
Мамыр
Толымбек Қазбек« Мен елімнің патриотымын» Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық челенджіне қатысты
«Ерліктің шынары, ұрпақтың жыр әні»
/Ұлы Жеңіс күніне арналған ерлік сағаты)
Маусым
«Ей, тәкәппар, дүние! Маған да бір қарашы»
(Қазақ поэзиясының алыбы Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай жыр мүшайрасына Әсемгүл Серікбол қатысты)
Қыркүйек
«Тіл – бірліктің құдіреті»
(ҚР Тілдер күніне арналған әдеби композиция)
Қазан
«Тұрарсың ғасырлармен қатар, Қасым!»
(Қ.Аманжолов -110 жыл поэзия кеші)
Желтоқсан
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері ақын Асан Мирас Болатұлы
мен Байбұланова Жадыра Төкенқызының шығармашылығына арналған
«Егіз лебіз» атты қалалық байқауға Е.Бөкетов ат.ҚАРУ филология
факультетінің 1 курс студенті, кітапханамыздың оқырманы
Камиспаев Тилеужан Ерканатұлы қатысты
«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»
(ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тарихи кеш)
Ішкі категориялар
- Соңғы жаңалықтар
- Бейне жаңалықтар
«Ғалымның сара жолы» …
05-04-2024 Hits:25 Соңғы жаңалықтар Altin
Биыл ұлтымыздың ұлы перзенті, Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі»...
Ары қарай оқу"Өнерпаздың сырлы ә…
26-03-2024 Hits:37 Соңғы жаңалықтар Altin
2024 жылдың 14 наурыз - Көрісу күніне М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Мәдениет және театр қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, жазушы-драматург, режиссер, ақын, сазгер, өнер зерттеушісі Аманолла Шайбековпен "Өнерпаздың...
Ары қарай оқу"Жүрек жылы" ойын…
18-03-2024 Hits:28 Соңғы жаңалықтар Altin
7 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған "Григорий Потанин атындағы ОМ" КММ және "Академик Е.А. Бөкетов атындағы №52 ОМ" КММ Халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрек...
Ары қарай оқу"Өлеңім өмір дастаны" атты поэзиялық кеш
«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай "Өлеңім өмір дастаны" атты поэзиялық кеші…
"Алаштың саяси көсемі" атты тарихи сабақ
2024 жылдың 5 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Алаш партиясы басшыларының бірі, ғұлама ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан күніне орай "Алаштың саяси көсемі" атты тарихи…
"Рахмет саған - Туған ел!" атты ойын калейдоскобы
1 наурыз күні Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапхананың балалар бөлімінде тәрбиеленушілерге арналған әлеуметтік көмек бөлімшелері Қазыбек би атындағы ауданның үйінде "Рахмет саған-Туған ел!" Алғыс айту күніне арналған ойын калейдоскоп өтті…
Журналист Сүйіндік Жанысбаймен кездесу кеш
«Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының…
ТЖБ мамандарымен кездесу
15 ақпан күні М. О. Әуезов атындағы орталық кітапханада «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлерінің Қарағанды қ. ТЖБ басқармасының бас маманы Мусина Раушан Маратқызымен, АҚ аға инженер-лейтенанты П.Р. Якубовамен…
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің ректоры Н.О.Дулатбековпен кездесу кеш
2024 жылдың 23 ақпан күні «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған 90 кездесу»…
Өлке тарихының зерттеуші Төрехан Майбаспен кездесу кеш
2024 жылдың 10 қаңтар күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Қазақ әдебиеті» газетіне 90 жыл толуы аясында журналист, өлке тарихын зерттеуші, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төрехан…
Жазушы, жаттықтырушы Марина Алясовамен шығармашылық кездесу
28 қарашада Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы кітапханада талантты автор және сертификатталған кәсіби жаттықтырушы Марина Алясовамен шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараға Е.А.Бөкетов атындағы №52 орта мектептің 8 сынып оқушылары, кітапхана оқырмандары және…
"Алаш айлығы"
2023 жылдың 25 қараша күні Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Теміржолшылар мәдениет сарайымен бірге Міржақып Дулатұлының туған күніне орай…
- 1
- 2
- 3